From Wikipedia, the free encyclopedia
Инстинкт(лат. іnstіnctus – түйсік) – организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын туа біткен реакцияларының (мінез-құлық актілерінің) жиынтығы; күрделі шартсыз рефлекстер. Инстинкт жануарлардың тіршілік жағдайларына бейімделу формасы болып саналады; мысалы, үйрек балапанының жұмыртқадан шыға салысымен суда жүзуі. Инстинкт (латынша іnstіnctus – түйсік деген ұғымды білдіреді) туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. Ал Иван Сеченов пен Иван Павлов инстинкттің рефлекторлық сипатын анықтады. Биологиялық маңызына қарай инстинкт: қоректік (олжасының ізіне түсу, азық жинау, т.б.), қорғаныстық немесе сақтық (қатер төнгенде айбат шегу, тырнау, қозғалмай қатып қалу, т.б.), жыныстық (уылдырығын шашу үшін балықтардың ағынға қарсы немесе ағын ығымен ауа жүзуі), т.б. түрлерге бөлінеді. Барлық бейімделу факторлары сияқты инстинкт орта жағдайының өзгеруіне байланысты өзінің мәнділігін жоғалтуы мүмкін. Құстар мен сүтқоректілерде инстинкттің экстраполяция деп аталатын ерекше түрі де кездеседі. Бұл жануарларға ортаның құбылмалы жағдайын дұрыс бағдарлауға мүмкіндік береді. Кейде олар келе жатқан апатты (мысалы, жерсілкінуді) алдын-ала сезеді. Адам инстинкті тәрбие процесі кезінде қалыптасып, көбінесе, оның саналы іс-әрекетіне бағынышты болады. Сәбилерде инстинкт ми қызметінің толық қалыптасуымен байланысты дамиды. Инстинкт туралы алғашқы ұғымдар оны саналы әрекетке, туа пайда болатын мінез-құлықтың жүре қалыптасатынына қарсы қоюға себепші болды. Этология мен мінез-құлық генетикасының табыстары бұл қарама-қарсы қою принципін жойып, мінез-құлық әрекетінің генетикалық негізі болатыны жайлы тұжырымдаманы қалыптастырды. Осыған байланысты қазіргі кезде «инстинкт» деген термин әлеуметтік ғылымдарда сирек қолданылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.