From Wikipedia, the free encyclopedia
Иллюминати (Латын тіліндегі illuminatus, "оқымысты" дегеннің көпше түрі) - тарихи әрі қияли бірнеше топқа берілген ат. Тарихи тұрғыдан бұл атау Ағарту заманындағы 1776 жылы 1 мамырда діндарлыққа, жалған сенімге, діннің қоғам өміріне әсер етуіне, мемлекет билігінің қиянатына қарсылық көрсету және әйел адамға білім беру мен ер мен әйелдің теңдігін қолдау үшін кұрылған құпия ұйым - Бавариан Иллюминатиға сілтейді. Римдік Католик Шіркеуінің ынталандыруымен Иллюминати Бавария үкіметінің жетекшілігіндегі басқа да құпия ұйымдармен қатар заң тыстандырылған және 1785 жылы тарап кетті.[1] Келесі бірнеше жылдарында бұл ұйымды "олар қайтадан ұйымдасты және Франция Революциясына осылар жауапты" деп санаған консервативті және діни критиктер сөкті.
Кейінгі қолданымдарда "Иллюминати" бастапқы Бавариан Иллюминати немесе соған ұқсас құпия ұйымдарға қатынастары негізсіз деп cендіретін немесе балайтын әртүрлі организациялар атауы болып кеткен, және олар Жаңа Дүние Тәртібін орнату және кейінгі саяси билік пен ықпалға ие болу үшін оқиғаларды басқару және үкіметт пен корпорацияларда агенттерді орнықтыру арқылы дүниежүзілік мәселелерді қолға алуға келіседі деп жиі айтылады. Кейбір кең танымал және күрделі қастандық теорияларына (теория заговора) орталық болатын Иллюминати көптеген романдар, кинолар, телехикаялар, комикстер, видео ойындар мен музыкалық өлеңдерде көлеңкеде жасырынып тұрып, биліктің тетігінен тартатындай етіп бейнеленеді.
Бұл қозғалысты 1776 жылы Мамырдың 1 Ингольштадта (Жоғарғы Бавария) алғашқы бес адамдық құраммен,[2] Ингольстадт Университетінің заң профессоры болған Жесуит-тот Адам Уейшопт (д. 1830)[3] Иллюминати Ордені етіп құрған еді. Ол Ағартудың жемісі болған азат ойлылардан құралып, Масондардан үйреніп үлгіленген болса керек.[4] Иллюминатидің мүшелері құпиялықты сақтау антын қабылдап, басшыларына бас июге келіскен. Оның мүшелері негізгі үш бірнеше градустары бар класқа бөлінген және көптеген Иллюминати бөлімдері мүшеліктерін Масон ложасына алған.
Организацияның мақсаты - діндарлық, жалған ұғым және Римдік Католик Шірекеуінің үкімет, философия және ғылымға басымдылығын шектеу; билігін қате жүзеге асыруды азайту, әйелдердің білім алуы мен санасы жағынан бірдей адам ретінде қарастыруды қолдау. Басында Уейшопт орденді "Perfectibilists" (Мінсіздер) деп атауға жоспарлаған. Бұл ұйым тағы да Бавариан Иллюминати деп аталған және оның идеологиясы "Иллюминизм" деп аталған. Көптеген ықпалды әрі прогрессивті саясаткерлер өздерін ұйымның мүшесі ретінде санаған. Соның қатарында Брунсвиктің Фердинанды және дипломат Хавиер вон Звак.[5] Бұл орденнің көп Еуропа елдерінде бөлімшелері болған: он жыл арасында оның мүшелер саны 2000-ға жуық болған. Әдеби өкілдерден орден Йоханн Улфгэн вон Гете мен Йоханн Готтфрид Гердер және Гота мен Веймардың бас герцогтарын өз қатарына қосқан еді.
1777 жылы Карл Теодор Баварияның билеушісіне айналды. Ол Ағартулық Деспотизмнің қорғаушысы болған және оның үкіметі бүкіл құпия ұйымдар, соның ішінде Иллюминатиді де жапқызған. Ішкі құлау мен құқықтың мирасқорлықтан болған дүрбелең оның құлауына бастады. 1785 жылғы 2 наурызда "Бавариядағы Иллюминатиға ажалды соққы болған болар" деп үкімет жарлық шығарған. Уейшопт қашып кеткен соң 1786 мен 1787 жылдары шығарылған документтер мен ішкі корреспонденциялар нәтижесінде 1787 жылы үкіметтің нұсқауымен баспаға шықты.[6] Ұйым әдебиетінің көбін жабу үшін Вон Звактың үйі ақтарылды.
Бірнеше жақындағы және қазіргі күнгі бауырлас организациялар бастапқы Бавариан Иллюминатидан бастау алған деп талаптанады әрі ашық түрде "Иллюминати" атауын қолданады. Кейбір осындай ұйымдар "Иллюминати Ордені" деген түрін қолданса,[7] Ordo Templi Orientis сияқты басқалары "Иллюминати" атауын организацияларындағы йерархия деңгейіне қолданады. Алайда, бүгінгі күнгі осындай ұйымдардың айтарлықтай саяси билігі бар деуге ешқандай дәлел жоқ және олар құпиялықты сақтаудың орнына тартымды Бавариан Иллюминати мүшелігіне орынсыз байланыс жасайды.
Бавариан Иллюминатидің 1785 жылғы ауыртпашылығынан аман-есен шықты деуге ешқандай дәлел жоқ. Алайда, Марк Дайс,[8] Дэвид Ик, Текси Маррс, Йюри Лина және Морган Грицарь сияқты жазушылар Бавариан Иллюминати ол кезде құламады және мүмкін әлі күнге дейін бар деп қарсылық айтады. Көптеген осындай теориялар дүниежүзіндегі оқиғалардың өздерін Иллюминати деп атайтын құпия ұйыммен басқарылады деп болжайды.[9] Астыртын теористтер көптеген ықпалды адамдардың Иллюминати мүше болғанын сендіреді. Осылай сендірудегі ең көп көзделетіндері Құрама Штаттардың Президенттері.[10]
Иллюминати (немесе қиялы бүгінгі Иллюминати деп аталатын ұйымдар) Роберт Ши мен Роберт Энтон Уилсонның Иллюминатус! Трилогиясы, Умберто Эконың Фокалт Маятнигі және Дэн Браунның Ангелдер мен Демондар сияқты романдарының басты рөлін ойнайды. Оларды бейнелеу үшін тарихи мәліметтер, құралған астыртын теориясы, немесе таза қияли туындының араласы қолданылған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.