Ивица Вастич
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ивица Вастич (xорв. Ivica Vastić; 29 қыркүйек 1969 жыл[1], Сплит) — аустриялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы
Ивица Вастич | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні |
29 қыркүйек 1969 (1969-09-29) (54 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
182 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
Аустрия (Вена) (16) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызметі |
бас бапкер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Вастичтің тегі хорват, Сплит қаласында дүниеге келген, Югославия футболының түлегі. Аустрия азаматтығын 1996 жылы ғана алып, құрама сапында 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Топтық турнирдің екінші турында Чилидің қақпасына 90-минутта гол соғып, құраманы жеңілістен құтқарып қалды.
Арада он жыл өткен соң өз еліндегі Еуропа чемпионатына қатысып, екінші турда Польшаның қақпасына гол соқты. Бұл Аустрия құрамасының Еуропа чемпионаттарындағытұңғыш голы болатын.
2009 жылы карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 2018 жылы "Аустрия" клубының (2003-05 жылдары осы клубта доп тепкен) бас жаттықтырушысы боп тағайындалды.
Жетістіктері
Командалық
- Аустрия чемпионы (2): 1997/98, 1998/99
- Аустрия кубогы (4): 1996, 1997, 1999, 2005
- Аустрия суперкубогы (3): 1996, 1998, 1999
Жеке
- Аустрияның үздік футболшысы (4): 1995, 1998, 1999, 2007
- Аустрия чемпионатының үздік мергені (2): 1996, 2000