Зәр өзегі немесе несепшығар өзегі (лат. urethra) — қуық мойынынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып кететін, несепті (зәрді) қуықтан сыртқа шығаратын өзек. Ол еркек дарақтарда жыныс мүшесі өзегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін, ал ұрғашы дарақтарда — жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын құрайды. Несепшығар өзегінің қабырғасы түтікше мүше ретінде ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан және сыртқы - адвентициядан тұрады. Жануарлардың түрлеріне және өзектің басталар, ортаңғы, соңғы бөлімдеріне байланысты, зәр өзегінің кілегейлі қабығын көпқабатты ауыспалы немесе көпқабатты призма тәрізді, болмаса көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны эластин талшықтарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Етті қабығы бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі ұзынша және сыртқы сақинаша екі қабатынан құралған. Сыртқы қабығы — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы).[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.