Зомби
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зомби — (ағылш. zombie) қазіргі заманда өте танымал болып келетін шын немесе өтірік екені белгісіз кейіпкер. Кейбір елдерде зомбиді тірі өлік деп те атайды. Яғни олар өз сана-сезімінен айырылған және өз денесін басқара алмайтын (біреудің бұйрығына бағынатын) адамдар. Қазіргі кезде бұл сөз мағынасын ұмытқан. Қазіргі заманның адамдары зомби деп бір затқа немесе қимыл-іске тәуелді адамдарды айтады.
Зомби термині XVII ғасырларда пайда бола бастады. Тарихи деректерге сүйенсек зомби термині вуду дінінің сиқырымен байланысты. Вуду дінінің адамдары Гаити, Ямайка, Тринидад, Куба аралында адамдарды құлға айналдырған. Аңыз бойынша олар қаза болған адамға дін рәсімі бойынша жаман рухты шақырып، қаза болған адамға сол рухты кіргізетін болған. Осы арқылы адамдар қаза болған адамды құлға айналдырған. Дін бойынша [дереккөзі?] Иштар құдай: «Мен Тозақтан өлілерді шығарамын.Олар тірілермен қоректенетін болады.Сол кезде өлілер тірілерден көп болады» деп уәде береді. Африка адамдары қарасиқыр иелеріне үлкен құрметпен қарайды. Себебі олардың ойларынша қарасиқыр иелері Иштар құдай жіберген адамдар.
«Зомби» сөзінің пайда болуы әлі күнге дейін белгісіз. Кейбір ақпараттарға сүйенсек «зомби» сөзі «нзамби» сөзінің өзгерген түрі. «Нзамби» сөзі Африканың банту тілінде «кіші құдайлық» немесе «өліктің рухы» деген мағынаны береді. Басқа ақпаратқа сүйенсек бұл сөз «жамби» сөзінен шыққан. Бұл сөз «аруақ» деген мағынаны білдіреді. Одан бөлек афика адамдары үлкен қара жыланды «зомби» деп атаған деген теория бар.
Ағылшындардың тіліне бұл сөз XX ғасырларда ене бастаған. 1929 жылы «Нью-Йорк Таймс» бағдарламасының атақты репортёрі Вильям Сибрук «Сиқыр аралы» деген кітап шығарды.Ол кітаптың 4 томы бар.4 томының бәрі Гаитидегі зомбиге айналу процесі жайлы жазылған.
1818 жылы Лондон қаласында Мэри Шелли Франкенштейн атты кітабын шығарды. Бұл кітап әдебиет әлемінде қорқыныш жанрының пайда болуына үлкен ықпалын тигізді. Ал фильмдерге келетін болсақ، зомби жайлы «Тірі өліктер түні», «Өлілер шұғыласы», «Z әлемдер соғысы» атты фильмдер бар. Әр фильмде зомбидің мінездемесі әртүрлі. Кейбір фильмдерде зомбилар суда жүзе алады. Зомби туралы анимелерде зомбилар үшін су өте қауіпті. Франкенштейнде зомби ақымақ әрі ұсқынсыз болып бейнеленсе، Мен аңызбын кітабында және фильмінде олар ақылды әрі бейбіт болып келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.