Зарқұммұсылман әскерлерінің жеңісі мадақталатын, әлемнің көптеген елдеріне кеңінен таралған діни қисса. Қисса қазақ даласына ислам дінінің орнығуымен бірге әуелде ауызша таралған. Алғаш рет қазақ тілінде 1877 жылы Қазан қаласынан кітап болып шыққан. Құрастырушысы мен баспасы белгісіз. 1879, 1881, 1888 жылдары Ш.Хұсайыновтың құрастыруымен университет баспаханасында, 1883 жылы Вячеслав баспаханасында, 1902, 1904, 1907 жылдары Ш.Хұсайынов ұрпақтарының құрастыруымен университет баспаханасында, 1909, 1910, 1914, 1916 жылдары Б.Л. Домбровский баспаханасында (Қазан), барлығы 12 рет жарық көрген. Қиссада Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) заманында ислам дінін қорғау мақсатында болған соғыс қимылдары суреттеледі. Шайқас эпикалық ауқымда жырланған (қара Діни қиссалар). “Зарқұм” қиссасы – ислам дінін қорғау жолындағы мұсылмандар күресін көркем бейнелейтін діни тақырыптағы құнды ескерткіштердің бірі.[1][2]

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.