From Wikipedia, the free encyclopedia
Қисса (араб.: - әңгіме, аңыз) - ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны, құрылысы жағынан лиро-эпосқа жақын. Махаббатты, пәктік пен тазалықты, ізгілікті, адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалы поэтикалық жанр ретінде Қисса араб, парсы, әдебиетінде кең дамыған. Түркі тілдес халықтарға араб әдебиеті арқылы енген. Көне дәуірдегі қиссаларға Әлидің "Кисса Нүсүф", Рабғузидің "Қиссасул-әнбиясын" жатқызуға болады. 19 ғ-да қазақ даласына Қазан, Уфа. Омбы, Ташкент қиссаларында басылған "Бозжігіт", "Жүсіп-Зылиха", "Сейфілмәлік-Бадиғұлжамал", "Мұңлық-Зарлық" сияқты қиссалар тарала бастады. Сонымен қатар қазақ халқының лиро-эпостық жырлары "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек" жеке кітап болып шықты. Шығыс аңыз-ертегілерінің сюжетін назира дәстүрімен жырлау 18-19 ғасылардағы қазақ ақындарына тән болған. А.Құнанбайұлы шығыс сюжеті бойынша "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" дастандарын ал Түрмағамбет Ізтілеуов "Ескендір хикаясы", "Мәрді дихан", "Рауа бану", т.б. дастандарын жазған. Қиссаларды араб-парсы тілінен аударуға, өңдеп бастыруға еңб. сің. ақындар - Ш.Жәңгіров, А.Сабаұлы, Ж.Шайхысыламұлы, М-Ж. Көпеев, Ә.Тәңірбергенов, т.б. Қиссаны айтушыны қазақтарда қиссашы деп атайды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.