From Wikipedia, the free encyclopedia
Зарашфан — Өзбекстанның Науаи облысындағы қала. Ол Қызылқұм шөлінде ірі алтын мен уран кен орындарының маңында орналасқан. Халық саны — 70 мыңнан астам.
Қаланың негізі Өзбек КСР-і кезінде алтын өндіру мақсатында қаланған. Ол кезеңдерде Мұрынтау кен орнында өндірілетін алтын бүкіл КСРО аумағында өндірілетін алтынның жалыпы көлемінің 30 пайызын құрады.
1965 жылы Самарқаннан шыққан геологиялық-барлау тобы Бұқантау, Тамдытау және Мұрынтау таулары аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Аймақта алтын және уран кен орындары табылғаннан соң, үкімет тарапынан Қызылқұм аймағын дамыту жайлы қаулы қабылданды. Осы уақыттан қаланың даму тарихы басталды. Бүкіл Одақ аймақтарынан кен орындарын игеру үшін жұмысшылар тартыла бастады.
Соңғы жылдары көптеген спорт жарыстары өткізіліп келеді. Мәселен, 2003 жылы Пауэрлифтинг бойынша Азия біріншілігі, 2004 жылы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты, желкенді спорт бойынша ТМД елдері арасында өткен халықаралық жарысы және т.б.спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылған. Тек 2004 жылы ғана Зарашфанда түрлі дәрежедегі 150 спорттық шаралар өткізілген.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.