From Wikipedia, the free encyclopedia
Жыланды - Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Дыңғызыл ауылдық округінің орталығы.
Ауыл | |
Жыланды | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
46°37′19″ с. е. 48°38′38″ ш. б.46.62194° с. е. 48.64389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1962 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲1894 адам (2021) |
Жыланды шекарасы
|
Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 58 км жерде, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-батысындағы шөлдік белдемнің шағылды құм арасында орналасқан.
Іргесі 1962 ж. осы маңдағы ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде Құрманғазы атындағы қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. 1996 жылдан оның негізінде Жыландыда 26 шаруа (фермер) қожалықтары және 1 өндірістік кооператив жұмыс істейді.
1999 жылы тұрғындар саны 1736 адам (868 ер адам және 868 әйел адам) болса, 2009 жылы 1876 адамды (969 ер адам және 907 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1894 адамды (960 ер адам және 934 әйел адам) құрады.[2]
Жыландыда орта мектеп, "Айжан" бала бақшасы, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Ауыл арқылы Атырау – Астрахан темір жолы және автомобиль жолы өтеді.
Мектептің алғашқы негізі 1948 жылы Дыңғызыл ауылдық кеңесіне қарасты Сегіз ауыл (қазіргі Қызыл жар) деген жерде Андреев атындағы екі кластық аралас бастауыш мектеп болып ашылған. 1957 жылы колхоз орталығы Сегіз ауылдан Жыланды жеріне көшіріліп, сол жылы жаңа мектеп үйі салынды және Андреев атындағы бастауыш мектеп В.И.Чапаев атындағы бастауыш мектеп болып аталады. 1964-1965 оқу жылында мектеп сегіз жылдық орталау мектеп болып ашылады. 1972-1973 оқу жылында мектеп он жылдық орта мектеп болып ашылды. 1989-1990 оқу жылы мектеп он бір жылдық орта мектеп болып қалыптасып, 1992-1993 оқу жылынан бастап Чапаев атындағы орта мектеп Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп болып атауы қайта өзгертілді. 1995 жылы мектеп жанындағы жатақхана жаңа типті ғимаратқа көшірілді. 1999-2000 оқу жылында мектеп жаңа типті 624 орындық мектеп үйіне көшірілді.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.