From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкентұмсықты шүрілдек(лат. Charadrius leschenaultii) — Татрең тұқымдасының шағын құсы.
Үлкентұмсықты шүрілдек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Charadrius leschenaultii (Рене Примевэр Лессон, 1826) |
Түркия мен Сириядан Оңтүстік Сібірдің таулы жүйелері мен Орта Азия мемлекеттеріндегі шөл және шөлейт жерлерін мекендейді. Шығыс Африканың, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, Аустразияның теңіз жағалауларында қыстайды.
Салмағы 90-100 г. Денесінің үсті сұр-сарғылт, төменгі жағы ақ түсті. Үлкен тұмсықты шүрілдектің жемсауынан көлденең жалпақ сары жолақ өтеді. Қылықтары: тез жүгіреді, жер бетіне жақын екпіндей ұшады. Жоны - сұрғылттау қызыл қошқыл, бауыры - шаңқандай ақ. Аталығының жемсауында жалпақ қызғылтсары жолақ болады, көзінің төңірегі үлкен қара теңбілмен қоршалған. Тұмсығының жуандығы атауынан көрініп тұр. Жерде тез жүгіреді және жер бауырлап, екпіндеп ұшады. Шығыс Закавказьеден Монғолияға дейінгі шөлде қоныстанады. Қазақстанда оңтүстік бөліктегі тығыз топырақты шөлде өмір сүреді. Ұясын көбінесе өсімдіктері жоқ мүлде сусыз үлескілердегі шұңқырға салады. Салындыдағы 3 теңбілді. жұмыртқаларды ата-енелері басады. Жас балапандар қанатына көтерілген соң үлкен үйірге жиналып, көбінесе өзіне ұқсас сарысағақ шүрілдекпен бірге суатқа қарай ұшады.
Қазақстанда наурызда пайда болады, ұшып кетуі бақыланбаған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.