From Wikipedia, the free encyclopedia
Жиенбек Молдаханұлы Құлыбаев (қыр. Жээнбек Молдокан уулу Кулубаев, 5 сәуір 1963 жыл, Ыстықкөл облысы) — қырғызстандық саясаткер, дипломат, 2022 жылдан бері Қырғызстан Сыртқы істер министрі.[3]
Жиенбек Молдаханұлы Құлыбаев қыр. Жээнбек Молдокан уулу Кулубаев | ||||
Құлыбаев 2022 жылы | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
22 сәуір 2022 жылдан бері | ||||
Президент | Садыр Жапаров | |||
Премьер-Министр | Ақылбек Жапаров | |||
Ізашары | Руслан Қазақбаев | |||
| ||||
2018 — 2021 | ||||
Президент | Сауранбай Жиенбеков | |||
| ||||
2010 — 2013 | ||||
Президент | Құрманбек Бәкиев Алмазбек Атамбаев | |||
| ||||
2009 — 2013 | ||||
Президент | Құрманбек Бәкиев Алмазбек Атамбаев | |||
| ||||
2007 — 2009 | ||||
Президент | Құрманбек Бәкиев | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Мәскеу әскери институты[1] және Шығыстанушы мамандығымен Қытай Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық институты[2] | |||
Мамандығы | шығыстанушы | |||
Дүниеге келуі | 5 сәуір 1963 (61 жас) Шырпықты ауылы, Ыстықкөл облысы, Қырғыз КСР, КСРО | |||
Сайты | Сыртқы істер министрлігініі ресми сайты | |||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
Құлыбаев бұрын Қырғызстанның Қазақстандағы (2018–2021), Моңғолиядағы[4] (2010—2013[дереккөзі?]), Сингапурдағы[4] (2010—2013[дереккөзі?]), Қытайдағы (2009–2013) және Малайзиядағы (2007–2009) елшісі болған.[1][5][6][2]
Құлыбаев 5 сәуір күні 1963 жылы Шырпықты ауылы, Ыстықкөл облысында дүниеге келген.[1][2] Мәскеу әскери институты[1] және Шығыстанушы мамандығымен Қытай Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық институтында білім алған.[2]
Құлыбаев еңбек жолын 1992 жылы Сыртқы істер министрлігінде бастады. 1996 жылға дейін министрлікте түрлі қызметтер атқарып, кейін Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің бастығы, кейін елдің Қытайдағы елшінің кеңесшісі болды.[2][1]
1996–1998 жылдары аралығында Құлыбаев Қырғызстан СІМ-нің Азия және Африка бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.[1]
1998–2000 жылдары Қырғызстанның Қытайдағы елшілігінде кеңесші болды, кейін 2001–2003 жылдары Қырғызстан СІМ-нің Шығыс елдер бойынша департаментінің басшысы және 2003–2004 жылдары Сыртқы істер министрі Асқар Шыңғысұлы Айтматовтың орынбасары болған.[1]
2004–2006 жылдары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қатысушыларының атқарушы директоры (Бейжің), 2006–2007 жылдары ҚР СІМ экономика департаментінің басшысы болған.[1]
2007–2009 жылдары Малайзиядағы елшісі, кейін 2009–2013 жылдары елдің Қытайдағы елшісі елшісі қызметін атқарған.[1][5]
2010—2013[дереккөзі?] жылдар аралығында Қырғызстанның Моңғолиядағы және Сингапурдағы қатар елшісі болған.[4]
2013–2018 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры, кейін Сыртқы істер министрлігінің 4-саяси департаментінің директоры болды.[2]
2018–2021 жылдары Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі болды.[5] 2021 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін Қырғызстан президенті әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болды.[2]
2022 жылдың 23 сәуірінде Руслан Қазақбаевтың Сыртқы істер министрі орнынан босатылғандығынан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысы болды.[2] Сол жылдың 29 сәуірінде толыққанды министр болып тағайындалды.[3]
Қырғыз,[7][6] орыс,[8][6] ағылшын,[2][6] қытай[2][6] меңгерген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.