From Wikipedia, the free encyclopedia
Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу мекемесі. Геологиялық ғылымдар, Тау-кен және Сейсмология институттарының Орталық Қазақстан бөлімдерінің негізінде 1991 жылы құрылған. Қарағанды қаласында орналасқан. Инcтитуттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты ғылыми бағыты Орталық Қазақстанның жер қойнауын зерттеу, кентасты және көмір кен орындарын кешенді игеру, минералдық шикізат экономикасының ғылыми-зерттеу жұмыстарын институттың табиғи және техногендік кентастың заттық құрамы мен байытылуы, газды-көмірлі кен орындарын жер асты әдісімен өндіру лабораториялары мен ғылыми-зертттеу топтары орындайды. Институт ғалымдары Қазақстан офиолиттері қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, Тянь — Шань тауларындағы кайнозойлық жарылыс түтіктерін зерттеді. Терең гранитоидтардағы кірікпелерді зерттеудің негізінде Орталық Қазақстандағы платиналық минералданудың қоры анықталды. Майқайың және Төртқұдық алтын қорыту фабрикаларындағы кентасты байытудан қалған қалдықтардың заттық құрамы зерттеліп, олардан алтын алудың технологиясы жасалды (П.В. Ермолов). Орталық Қазақстанның 1:500000 масштабтағы геохимиялық картасы жасалды (В.И. Серых), ол осы өңірдің экологиялық жағдайын анықтауға, жаңа кен орындарын болжауға мүмкіндік береді. Қарағанды көмір алабындағы метанның көмірдегі таралу заңдылықтары зерттеліп, газды-көмірлі кендерді кешенді өндірудің шахтасыз технологиясының негізі салынды (академик А.С. Сағынов, К.И. Алипов). Екібастұз және Майкөбе көмір кендерінен арнайы кокс, тотығу белдемдерінен алюминий шикізатын алу проблемалары зерттелуде (А.М. Малдыбаев, У.Х. Оразбекова). Сондай-ақ, институт көптеген халықаралық жобаларға да қатысады.
1991 жылы Геологиялық ғылымдары, Тау-кен ісі және Сейсмология институттарының Орталық Қазақстандағы бөлімшелері негізінде Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институты құрылды. Қазақстан Үкіметі институтқа төмендегідей басты бағыттар бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуді жүктеді:
– Орталық Қазақстанның жер қойнауын геологиялық әдістермен зерттеу; |
– кентастық және көмір кен орындарын кешенді игеру; |
– минералдық шикізат экологиясын зерттеу. |
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан офиолиттері түзілуінің негізгі заңдылықтары анықталып, Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігінің кайнозойлық «жарылыс құбырлары» зерттелді, гранитоидтардың ішкі құрамын зерттеу негізінде Қазақстан жер қыртысының басты құрылымдық элементтерінің моделі жасалды, Орталық Қазақстанның платиндік минералдану қорлары зерттелген. Орталық Қазақстанның 1:500000 масштабтағы геохимиялық картасы жасалды. Қарағанды бассейнінің көмірлерінде метанның таралу заңдылықтары зерттеліп, газ-көмір кен орындарын шахтасыз кешенді игеру технологиясының негіздері жасалды. Біррельсті көлікті пайдаланып, кентастық кен орындарын жер асты игеру технологиясы, сондай-ақ жер асты техногендік кен орындарын жоспарлы орналастыру технологиясы игерілді. 1945 жылы Топырақтану институты ұйымдастырылды. Институт ұжымының құрамында ҰҒА-ның 1 корр. мүшесі, 12 ғылыми доктор және 30 ғылыми кандидаттары жұмыс істейді.
Ғылыми-зерттеулер 5 бөлімде
және екі лабораторияда топырақ экожүйесін зерттеу; топырақ химиясы және жоғары молекулалы қоспалар жүргізіледі.
Институттағы ғылыми-зерттеулер, негізінен, топырақтанудың өзекті мәселелерін, ең алдымен, топырақ экологиясы мәселелерін шешуге бағытталған.
Ғылыми-зерттеулердің негізгі бағыттары –
Елдің суғарылмайтын (далалық) және суғармалы егіншілік аудандарындағы, Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтардағы, экологиялық апат аймақтары – Арал бойы, Батыс Қазақстандағы топырақ пен топырақ жамылғысы зерттелді. Топырақтың антропогендік әсерлерден өзгеру мәселелері, қазіргі заманғы топырақтағы процестер, тозу, сортаңдану, ластану жөнінен қомақты теориялық материал жиналды; топырақ жамылғысын картаға түсіру мен тәжірибелік жұмыстарды жүргізудің жаңа әдістемелері жасалды. 1991–2000 жылы институт ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша 20 монография мен кітаптар, 500-ден астам мақалалар мен баяндамалар жарияланып, Жетісудың, Солтүстік Балқаш маңының, Жамбыл облысы бір бөлігінің топырақ карталары, топырақтық-мелиоративтік аудандастыру карталары, топырақ эрозиясы мен дефляциясы карталары, жекелеген аймақтар мен суғармалы массивтер бойынша топырақты-экологиялық карталар сериясы құрастырылды. Институт ғалым Ө.Оспановтың есімімен аталады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.