Кентас, руда – құрамында металл немесе металдардың қосылыстары бар өнеркәсіптік пайдалануға жарамды минералдық шикізат. Кей жағдайда бейметалл шикізаттарды да кентас деп атайды. Мысалы, асбест, барит, графит, күкірт, т.б. Кентас бай және кедей Кентас болып бөлінеді, құрамына қарай мономинералды және полиминералды болады. Химиялық құрамына қарай силикатты, кремнийлі, тотықты, сульфидті, карбонатты және аралас кентас болады. Түпкілікті тау жыныстарындағы, магмалық, метаморфтық жыныстардағы кен шоғырларынан алынған кентас түпкілікті кентас деп, ал өзен, көл, мұхит құмдарынан алынған кен кенқайраңды кентас деп аталады. Кентас бітіміне қарай тұтас (массивті), жолақты, желілі, сеппелі, ұялы, ал құрылымына қарай біркелкі түйірлі, әр түрлі түйірлі, оолитті, порфирлі, жолақты-сәулелі, т.б. болып бөлінеді. Кейбір ірі кендердің кентастарының құрамы, сыйыстырушы жыныстары және түзілу жағдайларына қарай өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан кентастың типі осы кеннің немесе ауданның атымен аталады. Мысалы, полиметалл кентастары алтайлық, мырғалымсайлық, темір кентастары атасулық, асбест кентастары жітіқаралық, т.б. болып жіктеледі.[1]
Суреттер
-
Темір кентасы
-
Марганец кентасы
-
Күміс кентасы
-
Алтын кентасы
-
Кентас тасыйтын арнайы арба
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.