![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ae/Sunroot_top.jpg/640px-Sunroot_top.jpg&w=640&q=50)
Жер алмұрты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жер алмұрты немесе Топинамбур (лат. Helianthus tuberosus) – астралылар тұқымдасына жататын тамыр жемісті көп жылдық өсімдік. Отаны — Солтүстік Америка.
Жер алмұрты | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() ![]() | ||||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Helianthus tuberosus Карл Линней | ||||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||||
|
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a6/TopinamburFlowers.jpg/640px-TopinamburFlowers.jpg)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/45/Sunroot_growing.jpg/640px-Sunroot_growing.jpg)
Жер алмұртыныңның сабағы, жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ жапырағының көлемі одан кішілеу, сабағы жіңішке болады. Биіктігі 1-5 м. Тамыр сабақтарынан көптеген (5 — 6, кейде 30 — 40) ақ, сары, күлгін, қызыл түйнектер дамиды. Олардың пішіні ұзынша, сопақша, домалақ болады.
Құрамында протеин, фосфор, темір, С1, В1 витаминдері бар. Түйнегі тағамға, малға жем ретінде, спирт және фруктоза алуға пайдаланылады. 100 кг тамыр түйнегі 25 — 27 азық өлшеміне тең, онда 1,5 кг сіңімді протеин бар. Жер алмұртын көктемде немесе күзде егеді. 1 га-дан 200 — 250 ц түйнек, 350 — 500 ц көк шөп алуға болады. Топинамбурда 20% инулин, 1,5—3% азотты заттар, 2—5% сахароза бар. ( Топинамбурды малға жем ретінде, 1 спирт, инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде қолданылады.[1]
Тамыр түйнектерін топырақ астында сақтап, қажет кезде қазып алуға болады. Жер алмұрты мал азықтық дақыл ретінде Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі.[2]
Жер алмұртының 100 граммында 306 ккал бар. Құрамында A, B1, B2, B6, C және E дәрумендері бар. Кұрамында кремний, калий, әк, фосфор, темір және цинкпен қатар фруктоза, пектин өзегі мен аминқышқылдары бар.