From Wikipedia, the free encyclopedia
Жертаған (лат. Rosularіa) — жасаңшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Шу — Іле, Жетісу (Жоңғар), Күңгей Алатауларында өсетін 5 түрі бар. Биікт. 5 — 35 см-дей. Тамыры жуан, баданалы болады. Сабағы тік, оның түбінен өте шырынды, етжең жапырағы айнала дегелектеніп, жертағандап орналасады, аты осыған байланысты қойылған.
Rosularia | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Rosularia flowers
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Species | ||||||||||||
See text. |
Өсімдіктің сыртын түгелдей өңез қаптап тұрады, бұл оның құрғақшылыққа төзімділігін арттырады. Ақ, қызғылт, қызыл, сарғыш жасыл түсті, қоңырау пішінді гүлі қос жынысты. Қос шеңбер құрып орналасқан 10 — 12 аталықтан, бір аналықтан тұрады. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Жемісі — көп жапырақша. Жертағанның гүлі әдемі болғандықтан саябақ, гүлзарларда әсемдік үшін өсіріледі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.