From Wikipedia, the free encyclopedia
Железин ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. 1938 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Железинка ауылы (облыс орталығы - Павлодар қаласынан 188 км қашықтықта орналасқан).
Қазақстан ауданы | |||
Железин ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
12 | ||
Ауыл саны |
33 | ||
Әкімі |
Айтуған Абылайұлы Шайхимов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Железин ауылы, Әуезов көшесі, №19 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
53°33′ с. е. 75°21′ ш. б.53.550° с. е. 75.350° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
7,7 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
15 222[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
орыстар (47,35%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
140400-140410 | ||
Автомобиль коды |
14 | ||
Ауданы 7,6 мың км². Солтүстігінде Ресейдің Омбы облысымен, солтүстік-батысында – Новосибирск облысымен, оңтүстігінде – Тереңкөл ауданымен шектеседі, шығысында – Ертіс ауданынан Ертіс өзені арқылы бөлінген.
Аудан климаты қатал континентальды, көктем-жаз айларында құрғақшылық орын алады, жауын-шашын көбінесе жаз ортасында болады, жазда және қыста жоғарғы температура орына алады, кеш көктемгі және ерте күзгі салқындармен ерекшеленеді, жыл бойы жел соғып тұрады. Қаңтар-ақпан айларында ең төмен, ал маусым-шілде айларында ең жоғарғы температура байқалады. Қаңтардың орташа температурасы −18º −19ºС-қа, шілденің - +19º +20ºС-қа тең. Жауын-шашынның орта жылдық мөлшері— 275,5 мм, кейде 300 мм-ге жетеді. Жауын-шашынның көп түсетін кезі – маусым-шілде айларының соңында, кейде тамыз айында. 10 см қар жамылғысы қараша айының соңында бекиді, жоғарғы биіктікке ақпан айының соңы – наурыз айының басында жетеді.
Аудан аумағы көбінесе жазық жер болып келеді, онда сазда мен көлдер тұнып қалған бітеу ойпаттар көп. Аудан аумағында Жарағаш, Айлақ және т.б. көлдер бар, Ертіс өзені ағып өтеді. Жер қойнауында табиғи құрылыс материалдары бар. Топырақ көбінесе қара, кейде сортаң түрі де кездеседі. Жусан, бетеге өседі, ауданның 18% -не жуығын қайыңдар алады. Қара топырақты жазықтар қайыңдармен бірге көркем ландшафт құрайды.
Аудан жерін орманды-дала белдемінің күлгін қара топырағы көмкерген. Онда бетеге мен селеу аралас әр түрлі шөптер өскен. Қайыңды және қайыңды-теректі (итмұрын, тал, мойыл аралас) орман шоқтары кездеседі. Ондай жерлерде шие, итмұрын, қарақат, жидек, бүлдірген өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр; өзен мен көлдерде және оған таяу жерлерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, тырна, қызғыш, тауқұдірет, орман шоқтарында бұлан, елік, бүркіт, жапалақ, қарға, сауысқан, далада бозторғай, шымшық, т.б. мекендейді. Ертіс өзенінде ақ балық, бекіре тұқымдастар, алабұға, сазан, шортан, көлдерде шабақ, алабұға, т.б. кездеседі.
Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)
1999 жылы халық саны — 26,3 мың адамды, 2012 жылы — 17,19 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 3,45 адамнан, ал 2012 жылы 2,23 адамнан келді.
1935 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Максим Горький ауданының бір бөлігінен орталығы Өрлітөбе ауылы болатын Өрлітөбе ауданы құрылды. 1938 жылы Павлодар облысы құрылып, Өрлітөбе ауданы аталған облыстың құрамына енді. Кейінірек аудан орталығы Железинка ауылына көшірілді. 1944 жылы 8 мамырда Өрлітөбе ауданының шағындалуы есебінен Михайлов ауданы (орталығы Михайловка ауылы) құрылды. 1957 жылы 25 қазанда Михайлов ауданы Өрлітөбе ауданына қосылды.
1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Павлодар облысы құрамына енді. 1963 жылы 2 қаңтарда таратылған Өрлітөбе ауданының негізінде Железин ауданы құрылды.[5]
33 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақтау ауылдық округі | 548 | ▼403 | 73,5 | 257 | ▼203 | 79 | 291 | ▼200 | 68,7 |
Алакөл ауылдық округі | 776 | ▼632 | 81,4 | 395 | ▼322 | 81,5 | 381 | ▼310 | 81,4 |
Башмачин ауылдық округі | 1364 | ▼1181 | 86,6 | 659 | ▼595 | 90,3 | 705 | ▼586 | 83,1 |
Веселорощин ауылдық округі | 1198 | ▼900 | 75,1 | 598 | ▼462 | 77,3 | 600 | ▼438 | 73 |
Еңбекші ауылдық округі | 1124 | ▼735 | 65,4 | 564 | ▼383 | 67,9 | 560 | ▼352 | 62,9 |
Железин ауылдық округі | 6174 | ▲6324 | 102,4 | 2921 | ▲3107 | 106,4 | 3253 | ▼3217 | 98,9 |
Қазақстан ауылдық округі | 1329 | ▼1128 | 84,9 | 655 | ▼586 | 89,5 | 674 | ▼542 | 80,4 |
Лесной ауылдық округі | 910 | ▼701 | 77 | 451 | ▼371 | 82,3 | 459 | ▼330 | 71,9 |
Майлы ауылдық округі | 448 | ▼237 | 52,9 | 231 | ▼129 | 55,8 | 217 | ▼108 | 49,8 |
Михайлов ауылдық округі | 2344 | ▼1805 | 77 | 1160 | ▼918 | 79,1 | 1184 | ▼887 | 74,9 |
Новомир ауылдық округі | 521 | ▲523 | 100,4 | 272 | ▲283 | 104 | 249 | ▼240 | 96,4 |
Прииртыш ауылдық округі | 1113 | ▼885 | 79,5 | 561 | ▼459 | 81,8 | 552 | ▼426 | 77,2 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 17849 | ▼15454 | 86,6 | 8724 | ▼7818 | 89,6 | 9125 | ▼7636 | 83,7 |
Аудан аумағы бойынша «Омбы—Қарасуық» теміржолы, «Павлодар—Железинка—Омбы», «Кашыр—Купино» автомобильді жолдары өтеді.
Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы (бидай), сүт шаруашылығы, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, тері шикізаты өндіріледі. Ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын 13 ауылшаруашылық қожалықтары, 264 шаруа қожалықтары, 6706 жеке қоныстары айналысады, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндіру— 3 шұжық цехы, 3 сүтті қайта өндіру обьектілері, 7 жел диірмені, 1 жармаүккіш, 8 күнбағыс майын қайта өндеу цехы, 8 наубайхана (барлығы 30 қайта өндеу объектілері) бар.
Ауданда 36 орта жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды ұйымдары мен 2 кәсіби лицей-мектебі бар.
Ауданда 2 аурухана және 7 дәрігерлік амбулаторлық-емхана ұйымдары бар, ондағы дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер саны сәйкесінше 24 және 108 адам.
Ауданда 16 кітапхана, 9 клуб мекемелері бар. 1935 жылдан бастап аудандық газет шығарылады. Көркемөнердің монументалды ескерткіші Кеңес Одағының батыры И.В. Бабинге арналған 1965 жылы даталанған мүсін мен 1920 жылғы И.Д. Путинцев бастамасымен В.И. Ленинге арналған бақ болып табылады. Аудан тұрғындары үшін Железинка орталық аудандық кітапхана қызмет етеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.