Жекпе-жек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жекпе-жек
- Жеке батырлар шайқасы. Ежелгі және орта ғасырларда ұрыс алдында қарсыластар шеп құрып тұрып, екі жақтан ортаға бір-бірден батыр шығарған. Шарт бойынша олар аты-жөндерін сұрасып, қалай соғысу тәсіліне (атыспақ, алысбақ, жұлысбақ, қылыштасу, найзаласу, т.б.) алдын ала келісіп алған және кімнің батыры жеңілсе, соның әскері тізе бүгетін болған. Жекпе-жек шайқастары қазақ халқының қаhармандық эпостарында (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, т.б.) зор шабытпен жырланған;
- адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Ежелгі гректердің олимпия ойындарының бағдарламасында (күресу, жұдырықтасу), басқа да халықтардың ұлттық ойындарында кездеседі.Жекпе-жек қазіргі спорт жарыстарында (күрестің барлық түрі, бокс) межелі салмақ категориясы бойынша (фехтованиеден басқасы) өткізіледі.
- Жекпе-жек, полиция, қауіпсіздік, кеден комитеттері арасында кең тараған әскери жекпе-жектің түрі. Ол қарусыз және қарумен ж.-жек өткізу түрлері болып бөлінеді. XX ғасырдың 80-ші жылдары Шығыс ж.-жектерімен жастардың жаппай айналысуы байқалды, бұл қарулы күштерге де құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ықпал жасамай қалған жоқ. Респ-лық "Д" ерікті спорт қоғамының мамандары қазақ, самбо, дзюдо күрестері, каратэ, бокс сияқты жекпе-жек түрлерінің әдіс-айлаларын саралап ойлап тапқан спорт түрін "жекпе-жек" деп атады. Бұрын да бір рет солай болған еді. XX ғасырдың 30-шы жылдарында күрестің білікті мамандары В.Ощепков, А.Харлампиев, Е. Чумаков және т.б. кең- байтақ КСРО халықтарының ұлттық күрес түрлерінен самбоны (қарусыз қорғану) ойлап шығарған еді. Ақыры 1938 жылы КСРО-ның дене тәрбиесі және спорт комитеті самбо күресін жаңа спорт түрі деп жариялады. 1984 ж. жекпе-жек ҰҚК-ті (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) милиция басқармасы қызметкерлерінің арасында сынақтан өтіп жақсы баға алды. 1997 ж. Р. Абдалимов және жаттықтырушылардың бір тобы жекпе-жектің ережесін жасап шығарды. Сол 1997 ж. Респ. жекпе-жек бірлестігі құрылды, оның тұңғыш төрағасы болып Ішкі істер кызметінің генерал-майоры Б.Сәрсеков сайланды. Жыл сайын МВД және МҚК (мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) қызметкерлері арасында ч-ттар өтіп тұрады.[1]
Бұл — айрық бет. Көп мағыналы термин сұралғанда, оның мағыналарын ажыратып, қолданушыны тиісті мақалаға бағыттау үшін жасалған. Қандай да бір ішкі сілтеме осы бетке бағыттаса, сілтемені өзгертіп, тиісті бетіне тікелей сілтейтін қылып өзгертіңіз. |
- Қазақ энциклопедиясы,3 том