From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңғырық мұздығы – Іле Алатауының орта тұсындағы оңтүстік беткейлік қазаншұңқырда қалыптасқан мұздық. Талғар шыңын Күнгей Алатауымен жалғастыратын Шілік-Кемін кезеңінің шығысында (4490 — 4520 м биіктікте) жатыр. Шілік (Жаңғырық тармағымен) және Шу өзендерінің салалары (Шоң-Кемін) осыдан басталады. Мұздық суы терең шатқалға құлап аққанда төңірегіне түрлі тембрлі жаңғырық шығады. Сондықтан мұздық “Жаңғырық мұздығы” деп аталған.
Жаңғырық мұздығы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Түрі | Қазаншұңқырлық мұздық |
Ауданы | 17,7 км² |
Ұзындығы | 8,9 км |
Орналасуы | |
42°57′14″ с. е. 77°11′11″ ш. б.42.95389° с. е. 77.18639° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Жалпы ауданы 17,7 км2 (ашық бөлігі 17,3 км2), ұзындығы 8,9 км, таза мұзының көлемі 2 км3. Абляциялық ауданы 5,9 км2. Фирн алаңы 3950 м-ден жоғары қарай орналасқан. Мұздық тілі 3510 м-ге дейін төмендейді. Жаңғырық мұздығы орташа есеппен жылына 9-10 м-ге қысқаруда.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.