From Wikipedia, the free encyclopedia
Жар қарлығашы, жағалаушы (лат. Riparia riparia) — торғайтәрізділер отрядының қарлығаш тұқымдасына жататын кішкентай құс. Қазақстанның су айдындарында кең тараған. Өзендердің жарқабағын мекендейді. Дене тұрқы 12 — 14 см, қанатының ұзындығы 9 — 10 см, салмағы 11 — 18 г. Арқасы қоңырқай, қанаты мен құйрығы қара, бауыры ақшыл сұр түсті. Жемін ұшып жүріп ұстайды. Жерде жүре алмайды. Шықылықтаған дыбыс шығарады. Жар қарлығашы — жыл құсы. Сәуір — мамыр айында Қазақстанға ұшып келіп, жарқабақтағы індерге (тереңд. 50 см-дей, кейде 1,5 м-дей) ұялайды. Жылына екі рет көбейеді. Мамырда 3 — 8 (кейде 4 — 6) жұмыртқа салып, мекиені мен қоразы кезектесіп, 12 — 16 күн басады. Балапандары 20 шақты күнде қанаттанады. Қыркүйекте қыстау үшін Африкаға, оңтүстік Азияға ұшып кетеді. өсақ зиянкес жәндіктермен қоректеніп, пайда да келтіреді.[1][2]
Жар қарлығашы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ұяның қасындағы ересек
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Riparia riparia (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Hirundo riparia Linnaeus, 1758 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.