From Wikipedia, the free encyclopedia
Жабайы бұқа немеесе Гаур (лат. Bos gaurus) - ірі, күшті бұқа. Bibos тұқымына бантенг пен купрем кіреді.
Гаур | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
|
Жүні қысқа болғанмен, тығыз тұрады. Таулы ормандарда, бамбукты джунглилерді, Үндістан, Үндіқытайдың түбектерін және Малакка аралын мекендейді. Шөппен, бамбуктың өркендерімен және бұталарымен қоректенеді. Шомылуды ұнатады. Таңертең және кешке жайылады да, түнде, күндіз ұйықтайды. Гаурлар топтанып жүреді. Үйірдің көсемі өте тәжірбиелі кәрі сиыр болады. Бұзауларды анасы қорғайды. Жауларына маңдайымен емес, бір жанымен шабуыл жасайды, басын төмен салып, аяғын бүгеді де бір мүйізімен соққы береді.[1]
Дене ұзындығы 3 м дейін. Шоқтығының ұзындығы 2,2 м дейін. Мүйіздері көлемді орақ секілді қайырылған, ұзындығы 83 см.
Үндістанда, Непалда, Үнді-Қытай аралшаларда мекендейді. 600-1700 м дейін биіктіктегі таулы ормандарда үйір-үйір болып өмір сүреді. Саны азаюда, ұлттық саябақтарда ғана сақталып алған. ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген. Гаурдың, Жабайы бұқаның үй пішіндесі, гаял.[2]
Гаурлар жойылып бара жатқан жануарлар болып саналады. Аң аулау және сиыр эпизоотиясын жұқтыру салдарынан гаур популяциясы айтарлықтай қысқарды. Бүгінгі таңда 20 мыңға жуық гаурлар әртүрлі шектеулі аймақтарға шашыраңқы табиғатта өмір сүреді. Әртүрлі елдердегі гаурлар санының дамуы өте әртүрлі: Үндістанда популяциялар 1990 жылдардан бастап біршама өсе алды және бүгінде барлық гаурлардың 90% құрайды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жағдай қиын, барлық популяциялар жойылу қаупінде.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.