From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызыл Ту ордені (орыс. Орден Крaсного Знамени) – алғашқы кеңестік әскери орден. 1918 жылы 16 қыркүйекте Ресейдегі азамат соғыс кезінде Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті бұйрығымен құрылды.
Қызыл Ту ордені | |
---|---|
Шынайы атауы | Орден Красного Знамени |
Мемлекет | КСРО |
Соңғы иегері | 24 желтоқсан 1991 жыл |
Барынша ұсынылған | 581 300 |
1930 жылы Ленин ордені құрылғанға дейін Кеңес одағы мен Кеңестік Ресейдің ең жоғары наградасы болды. Ұрыс алаңында көрсеткен ерен ерлігі үшін, батылдығы үшін жеке тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлiмдер, қалалар, кемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар марапатталды. Кейінгі жылдары, Ұлы Жеңістің жиырмасыншы және отызыншы жылдығына орай, соғысқа қатыспаған адамдар да марапатталынды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.