From Wikipedia, the free encyclopedia
Ерғали Есжанов (1864, Атырау облысы Теңіз ауданы (қазіргі Құрманғазы ауданы) – 1949, сонда) – домбырашы, күйші, Құрманғазының шәкірті.
Ауыл мектебінде мұсылманша білім алғаннан кейін, Ерғали Есжанов Астрахан гимназиясында оқыды. Алайда, оқуды күнкөріс қамына байланысты бітіре алмай, Астраханда балық кәсіпшілігінде жұмыс істеді. Құрманғазыны Мақаш Бекмұханбетұлымен таныстырып, сол арқылы оның бостандыққа шығуына көмектеседі. Түрмеден қашқан Құрманғазыны үйіне паналатып, одан бірқатар күйлер үйренеді. Ал Құрманғазының түрмеде бірге бас сауғалаған досы қалмақ Саранжапты еліне жеткізуге қол ұшын берді. Құрманғазы Ерғалиға достықтың белгісі ретінде өз домбырасын сыйлаған. Есжанов ол домбыраны 1941 жылы Сталинград түбінде ұрысып жатырған сүйікті немересі, әрі шәкірті Ізбайырдың артынан барғанда ала барып, жауынгерлерге күй шерткен.[1]
Күйші Маңғыстау өңірінде (1905–1907 жылдары) болып, «Маңғыстау», «Бозашы» күйлерін шығарған. Оның «Қоштасу» күйі екі бірдей ержеткен ұлының қазасына арналған. Ерғали Есжанов мұралары кейінгі ұрпаққа оның шәкірттері (Ғ.Қайрошев, Ә.Бекешов) арқылы жетті.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.