From Wikipedia, the free encyclopedia
Оңғаров Ершат Ағыбайұлы (орыс. Онгаров Ершат Агыбаевич) – белгілі исламтанушы, ғалым, PhD доктор.
1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Жайрем кентіндегі №10 орта мектепті бітірген.
1994 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы (ЕАР), Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын аяқтады.
2004 жылы әл-Әзхар университетін «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр, а 2006 жылы ЕАР Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр оқу бағдарламасын аяқтады.
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия, мәдени антропология мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғады. Қазақ, орыс, араб және түрік тілдерін біледі.[1]
2007-2009 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы.
2009-2011 Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi.
2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (ДІА) Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығында Исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.
2013 жылдың 27 ақпанынан бастап ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) акдемиясындағы [International Islamic Fiqh Academy] тұрақты мүшесі. Үйленген, екі баласы бар.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.