Еркін Тілекұлы Мергенов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Еркін Тілекұлы Мергенов (6.3.1940 жыл, Алматы 27.07.2015 жыл, Алматы) – мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.[1]
Өмірбаяны
- 1962 жылы Алматыда Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген, мүсін бөлімі.
- 1963-1963 жылдары Кеңес Армиясы, Орта Азия әскери округі қатарында әскери борышын өтеді.
- 1966-1967 жылдары Алматы қаласы №105 орта мектепте сызу және сызу пәнінен сабақ берді.
- 1973 жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетітын бітірген.
- 1987 – 92 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
- 1980 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі.
- 1981 жылы Латвия КСР-нің Рига қаласында жеке көрмесі өтті.
- 1982 жылы КОКП қатарынан шығарылды. 1985 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарына қайта алынды.
- 1987-1994 жылдары Қазақ КСР суретшілер одағының XII съезінде Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болып сайланды.
- 1989 жылы КСРО Суретшілер Одағынан халық депутаты болып сайланды, Мәскеу қаласы, Сол жылы жеке көрмесі өтті, (Орталық Суретшілер үйі).
- 1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
- 1990 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарынан шықты.
- 1991 жылы Германиядағы Дуйсбург қаласында өткен Халықаралық көрмеге белсенді қатысады.
- 1994 жылы Қазақстан суретшілер одағының мүшелігінен шықты.
- 1998 жылдан Халықаралық суретшілер одақтары конфедерациясы кеңесінің мүшесі, Мәскеу қ.
- 1999-2000 жылдары Қазақстандағы Сорос заманауи өнер орталығының басқарма төрағасы болды.
- 2000 жылы «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Платина Тарлан» тәуелсіз ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
Шығармашылығы
Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Еркін Тілекұлы Мергенов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі |
мүсінші, суретші |
Close
Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етеді. Оның мүсіндері замандастар бейнесінің шынайылығымен, өмір мен уақыт тынысын сезіндіретін шымырлығымен ерекшеленеді.[2]
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/c/c5/%D3%98%D0%BA%D0%B5_%D0%BC%D2%AF%D1%81%D1%96%D0%BD%D1%96.tif/lossy-page1-320px-%D3%98%D0%BA%D0%B5_%D0%BC%D2%AF%D1%81%D1%96%D0%BD%D1%96.tif.jpg)
Еркін Тілекұлы Мергеновтің :
- “Махамбет” (1973, қола),
- “Олжас Сүлейменов портреті” (1982, қола),
- “Қазақ КСР-інің халық артисі Е.Өмірзақов” (1982, гипс),
- “Жаңғырық” (1983),
- “XX ғасыр” (1988), т.б. портреттер топтамасы бар.[3]
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
![]() |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |