From Wikipedia, the free encyclopedia
Елизавета Петровна Глинка (Доктор Лиза лақап атымен кең танымал; 20 ақпан 1962, Мәскеу — 25 желтоқсан 2016, Қара теңіз айдыны, Сочи қ. маңы, Ресей) — ресейлік филантроп, білімі бойынша дәрігер-реаниматолог, паллиативтік медицина (АҚШ) саласындағы маман, «Справедливая помощь» қорының атқарушы директоры. Азаматтық қоғам дамуы және адам құқығы бойынша РФ президенті жанындағы Кеңес мүшесі.[1]
Глинка Елизавета Петровна | |
Елизавета Глинка, 2016 жыл | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
25 желтоқсан 2016 (54 жас) |
Қайтыс болған жері |
Қара теңіз айдыны, Сочи қ. маңы, Ресей |
Азаматтығы | |
Қызметі |
қоғамдық қайраткер, құқық қорғаушы, паллиативтік медицина (АҚШ) саласындағы маман, «Справедливая помощь» қорының атқарушы директоры |
Марапаттары мен сыйлықтары | |
Сайты |
1986 жылы балалар реаниматолог-анестезиологы мамандығы бойынша Н. И. Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген[2][3]. Сол жылы күйеуі шығу тегі орыс американдық адвокат Глеб Глебович Глинкамен бірге АҚШ-қа қоныс аударды[4]. 1991 жылы Дартмут колледжіндегі Дартмут медициналық мектебінде «паллиативтік медицина» мамандығы бойынша екінші білімін алған. Американдық азаматтығы бар[5]. Америкада хоспистердің жұмысымен танысты[3].
2007 жылы Мәскеуде «Справедливая Россия» партиясымен қаржыландырылатын «Справедливая помощь» қайырымдылық қорын негіздеді. Қор материалдық қолдау және өліп бара жатқан онкологиялық ауруларға, онкологиялық емес бағыттағы аз қамтылған ауруларға, баспанасыздарға дәрігерлік көмек көрсетеді. Апта сайын еріктілер Павелец вокзалына барып, баспанасыздарға тамақ және дәрі-дәрімектер таратады, сонымен қатар оларға тегін заңгерлік және медициналық кеңестер береді[6]. 2012 жылдың есеп беруі бойынша, қор орташа есеппен жыл сайын Мәскеу қаласының және Мәскеу облысының ауруханаларына шамамен 200 адамды бағыттайды[7]. Сонымен қатар қор баспанасыздарды жылытуға арналған орындарды ұйымдастыруымен айналысады.
Украина шығысындағы қарулы қақтығыстың басталғанынан ДХР және ЛХР аймақтарында тұратын адамдарға көмек көрсеткен. 2014 жылдың қазанында безге сіздің президентіңіздің саясаты ұнамайды деген желеумен дәрі-дәрімек жүктеріне кепілдік бермегені үшін Қызыл кресттің халықаралық комитетін (ҚКХК) айыптады. ҚКХК-ның Ресейдегі, Беларусьтегі және Молдовадағы аймақтық делегацияның басшысы Паскаль Кютта бұл айыптарды жоққа шығарды[8][9]. 2014 жылғы қазанының аяғында Елизавета Глинка «Правмир» порталына сұхбат берді, где якобы прозвучали слова: «Донецкіде жиі болып тұратын адам ретінде, ол жерде Ресей әскерлері жоқ болғанына мен еш күмәнсіз сендіре аламын, ұнайма біреуге, әлде ұнамайма»[9]. Бұл сөздері үшін Глинка бір топ адамдармен сынға алынды. Бірақ, біраз уақыттан кейін Глинка бұл мәтіннің нұсқасын жоққа шығарды, ал «Правмир» порталы осы мәлімдемеден кейін өз қатесін мойындап, сұхбаттын түзетілген нұсқасын жариялады: «Донецкіде жиі болып тұратын адам ретінде, ол жерде мен Ресей әскерлерін көрген жоқпын». Кейін, «Сноб» журналына берген сұхбаты кезінде, тек қана өзінің жеке бақылауы туралы айтқанын дәйектеді[10].
Елизавета Петровна Глинка 2016 жылдың 25 желтоқсан күні Сочи манындағы Ту-154 ұшағының апаты кезінде қайтыс болды.[11][12] Сирияға Латакиядағы университеттік ауруханасына арналған дәрі-дәрімектер топтамасын жеткізу үшін барған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.