From Wikipedia, the free encyclopedia
Екібастұз ауданы — 1972-1997 жылдары болған Қазақ КСР-нің Павлодар облысының әкімшілік бірлігі. Орталығы — Екібастұз қаласы.
Екібастұз ауданы 1972 жылы 10 наурыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен құрылды. Құрамына Краснокутск, Ермак және Баянауыл аудандарының бөліктері енді. Ауданның алғашқы басшысы Печняков Владимир Иванович болды.
Аудан аумағы 19 мың шаршы шақырымды және халқы 22 мың адамды құрады. Шаруашылықтың негізгі бағыты мал өсіру болды, оның ішінде жылқы, қой және ірі қара мал өсірілді. Егістік жерлер 100 мың гектарды қамтыды, онда бидай, арпа, тары өсірілді.
1997 жылы 7 мамырда Екібастұз ауданы таратылып, аумағы Екібастұз қаласының қарамағына өтті.[1]
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 10 ауылдық, 2 кенттік кеңес пен 32 елді мекен болған:[2]
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Ақкөл ауылдық кеңесі | Ақкөл ауылы | Ақкөл, Жақсыат, Зеленая Роща, Миялы, Ортақоға |
Бәйет ауылдық кеңесі | Бәйет ауылы | Бәйет |
Екібастұз ауылдық кеңесі | Төртүй ауылы | Ақши, Қаражар, Мыңтамыр, Төртүй, Шиліқұдық |
Железнодорожный ауылдық кеңесі | Құлакөл ауылы | Құлакөл |
Комсомол ауылдық кеңесі | Шиқылдақ ауылы | Жарсор, Шиқылдақ, Шілікті |
Қарасу ауылдық кеңесі | Бесқауға ауылы | Әйтен, Бесқауға |
Құдайкөл ауылдық кеңесі | Құдайкөл ауылы | Қарасор, Құдайкөл, Шилі |
Өлеңті ауылдық кеңесі | Тай ауылы | Жартас, Көксиыр, Қарасаз, Тай, Талдықамыс |
Сарықамыс ауылдық кеңесі | Сарықамыс ауылы | Қуандық, Сарықамыс |
Степной ауылдық кеңесі | Көктөбе ауылы | Көктөбе, Новая База |
Төртқұдық кенттік кеңесі | Төртқұдық кенті | Бозшакөл, Төртқұдық |
Шідерті кенттік кеңесі | Шідерті кенті | Шідерті |
1979 | 1989[3] |
---|---|
21200 | ▲21843 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.