From Wikipedia, the free encyclopedia
Дүрзілік- асыра сілтеуші шииттердің топтарының бірі. Шиғаның исмаилия бөлімінен пайда болған. Фатими халифаларынан әл-Хаким би Амри-Лләһ әл-Мансур бин әл-Азиз би-Лләһтің уәзірі Хамза бин Әли тарапынан кұрылған.
Дүрзи жазушыларының көзқарасы бойынша әл-Хаким халифа болғаннан кейін батыни мағынада Аллаһтың бір екендігі және ғаламдық сипатын тарату мақсатында жан-жаққа елшілер (дай) жіберген. Үш жыл ішінде 7 адам тарапынан жүргізілген үгіт жұмыстары жаңа бір кезеңге ие болған. Яғни, әл-Хаким би Амри-Лләһ келе-келе илаһ мәртебесіне жетіп, жаңа бір мазһаб шығарған. Хамза адамдарды хақ жолға шақырып, Аллаһтың бір екенін түсіндіре бастаған. Рухани және зейіндік жаңа дәуірдің басталғанын, ол үшін ғибадаттарға қажеттілік жоқ екенін айтқан. Бір жағынан елшілердің үгіт жұмыстары жүріп жатса, екінші жақтан Нештекин (Ануштекин) әд-Дурзи деген біреу шыққан. Бұхаралық түрік болған Анунггекин 1016 жылы Мысырға келіп, әл-Хакимнің аты мен көзқарастарын өз пайдасына имам болу үшін үгіт құралы ретінде қолданған. Нәтижесінде, әл-Хаким мен халықтың карсылығына кездеме де, өз жолынан таймаған. Жүргізген әрекеті «Дүрзілік», ал өзіне бағынғандар «дуруз» деп атала бастады.
Хамза ибн Әлидің және көпшіліктің қарсылығына кездескен дүрзілік әрекеті жасырын түрде жүргізілген. Дүрзилер кресшілер жорығы кезінде франктармен бірге болса да, бөлінуден құтыла алмаған. Тейм аймағы, Сайда, Шам, Бейрут, т.б. жерлерге тараған дүрзилер, әсіресе Явуз Сұлтан Селим дәуірінен бастап Осман мемлекетінде саяси және әскери мәселелер тудырған. XVI ғасырдан бастап Оңтүстік Сирияға (қазіргі Джәбәл әд-Дурузға) келіп, Ливия мен Иорданияға дейінгі территорияға таралған.
Қазір дүрзилер Ливия, Сирия, Палестина және Иорданияда өмір сүруде. Дүрзилердің жалпы санының 0,5 млн. екендігі айтылады.
Дүрзилердің рухани көсемдері "Шейх әл-Әһл" деп аталады. Дүрзилердің жеке жұмыстары мен мәселелерін шешетін діни соттары және 3 адам тарапынан басқарылатын үлкен мәжілісі бар.
Сенім негіздері жағынан Исламға жатпайтын дүрзи жамағаты діни жақтан ақылдылар және надандар болып екіге бөлінеді.
Дүрзіліктің сенім негіздеріне: әл-Хаким би Амри-Лләһті тәңір деп білу; Хамза бин Әлиді әмір деп қабылдау; шекті (худуд) және жеті негізді білу жатады. Бұлар қабылданбаған жеті діни қағиданың (кәлима шәһәдат, намаз, ораза, қажылық, зекет, жиһад және уәлает) орнына қойылған жеті өсиет болып табылады.
Зерттеушілер анықтамаларына қарағанда, Дүрзілік сенімдерінің түбірі Ислам сенімдерінен шыққанымен, толығымен Яһудилік, Христиандық, Манихеизм көзқарастарынан ықпалданған философиялық анықтамаларға сүйенгені байқалады.
Дүрзіліктің көзқарасы бойынша шынайы илаһи білімге жеткен мүміннің ғибадатқа мұқтаждығы жоқ. Астарлы мағынаға да бағыну керек емес. Діни үкімдер мен дәлелдердің ешқандай мағынасы жоқ. Хамза бин Әлидің көзқарастары мен бұйрықтары маңызды орынға ие. Сондықтан олар сенім мен ғибадат негіздерін батыни және философиялық жағынан анықтайды. Шаһадат сөзінің алғашқы (сабық) және кейіннен келген нәрсеге (тали) дәлел екендігін, Исламның иман есігі болып саналатынын, намаздың Аллаһқа жақындататын ғибадат екендігін, оразаның хақ жолға шақыру мағынасында түсінілетінін, ал кажылықтың қағбаны зиярат етуге сүйенетін ғибадат екендігін теріске шығарды. Ақырет, жұмақ, тозақ, көк (аспан), орын (күрсі), есеп және жаза толығымен осы дүниедегі нәрселер болып табылады. Ал қиямет күні болса, Хамза бин Әлидің өзіне сенбейтіндерге қарсы тұруы болып табылады.
Дүрзіліктің сенім және ғибадат түсініктері жағынан Исламға қатысы азайған мазһаб екендігі байқалады. Ислам негіздерін еш қабылдамайды немесе бұзып, өзгертеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.