From Wikipedia, the free encyclopedia
Дон жылқысы – жылқы тұқымы. 15 – 19 ғ-ларда Дон казактарының жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб, түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі, шоқтығына дейінгі биіктігі 160 – 163 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 162 – 165 см, кеуде орамы 195 – 198 см, жіліншік орамы 20 – 21 см. Айғырының орташа салмағы 570 кг, биесі 550 кг. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады. Жарыстарда 200 км-ді 16 сағатта 304 км-ді 24 сағатта, бәйгеалаңда (ипподромда) 1200 м – 1 мин 20 с, 1600 м – 1 мин 47 с, 2000 м – 2 мин 15,5 с, 3000 м – 3 мин 28 с-та шауып өткен.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.