From Wikipedia, the free encyclopedia
Дидахмет Әшімханұлы (10 маусым 1950 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылы – 23 мамыр 2015 жыл, Алматы) — қазақ журналисті, қаламгер.[1].
Дидахмет Әшімханұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты |
қазақ |
Қызметі |
журналист, жазушы |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1978). Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы" (1975–1976), "Лениншіл жас" (1978) газеттерінде тілші болып бастаған, кейін "Қазақстан пионері" (қазіргі «Ұлан») (1978–1980), "Қазақ әдебиеті" (1980–1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, "Заман — Қазақстан" (1992–1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.[1]
1992–1994 жылдары халықаралық «Заман — Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары болған[2].
1994 жылы халықаралық "Түркістан" газетінде бас редактордың орынбасары болады.
1986 жылы Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі болады.
2003 жылы "Ел-шежіре" қоғамдық қорының президенті, "Алаш" баспасының директоры.[1]
Әңгімелер мен повестер жинақтары:
Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ А. Курчаткин, Т. Минулмен, А.Аширов, Х. Абдуллин, П. Пурзверу, тағы басқа шығармаларын қазақ тіліне аударған.[2]
"Жалын" жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. Жас жазушылардың Бүкілодақтық VII кеңесіне қатысқан. Жекелеген бірнеше шығармасы бірқатар шетел тілінде шыққан. 2005 жылы халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығына ие болған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.