From Wikipedia, the free encyclopedia
Джон Гершель - астроном. Аспан әлеміндегі көптеген жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды зерттеуші.
Бакингемшер графтығының Слау қаласында дүниеге келген. Балалық шағынан ерекше қабілеттілігі байқалған.
Алғашында жергілікті мектепке орналастырылғанымен, көп ұзамай ата-анасы оны ол жерден алып кетіп, 17 жасына дейін тәрбиеші Роджерстің жетекшілігімен үйде дайындады. Классикалық және жаңа тілдерді, математиканы, музыканы және басқа пәндерді үйренді. Кембридж университетіне оқуға түсіп, St.John-мен әріптестікте математикадағы тамаша қабылетін көрсетіп, жоғарғы математикадағы жұмбақтарды құрап шығарды. Ол Лондон королдік қоғамының мүшесі болып жүріп жазған алғашқы еңбектері: «Some Remarkable Applications of Cotes' Theorem» (1812) және «Considerations of various Points of Analysis» (1814).
Университеттің курсын бітіргеннен соң Гершель Лондонда орналасып, Волластонмен таныстығы арқасында оның назары физика мен химияға ауады. Бұл уақытта ол дыбыс интерференциясы және жарық популизациясын зерттеуге қатысты.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.