From Wikipedia, the free encyclopedia
Джомолхари - Тибет ауданының Ядонг аймағы мен Бутан аймағындағы Паро ауданы шекарасында орналасқан Гималайдағы тау болып табылады. Киелі тауды Бутан халқы ерекше құрмет тұтады. Таудың солтүстік беткейі - тіршіліксіз жазық дала. Джомолхари тауы осы өңірден солтүстікке қарай 2700 м-ге дейін созылып жатыр. 1954 жылы шерп Дава Лама Пасанг шыңға екінші рет көтерілген. Джомалхари шыңына көтерілушілер өте аз. Себебі тауға Бутан жағынан көтерілуге тыйым салынған. Ал Тибет таулары жағынан көтерілу қауіпті. 1937 жылы мамыр айында бес адамнан құралған саяхатшылар тобы шыңға таудың оңтүстік-шығысындағы Бутан аймағынан көтерілді. Топ құрамында Фреди Спенсер Чепмен және шерп Дава Лама Пасанг болған. Паро және Амр Чу өзендері осы таудан бастау алады. 1970 жылдың 24 сәуірінде полковник Нарендра Кумар басқарған біріккен Бутан-үнділік әскери тобы тауға екінші рет көтерілді. Шыңға екінші рет шығу барысында топтың екі мүшесімен қоса Дава Лама Пасанг жоғалып кеткен. Дорджи Лато және Прем Чанд екеуі жол бастап, топты шыңға жеткізген. Таудың солтүстігін мекендейтін Тибет буддистері жыл сайын Паро Дзонгтан Чомо ларангқа сиынуға барады. Джомолхари тауы қасиетті тау болып саналады. Джомолхари - « Канченджанганың қалыңдығы» деген атпен де белгілі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.