Григориан күнтізбесі
1582 жылдың 15 қазанында Рим папасы Григорий XIII қолданысқа енгізген күнтізбе / From Wikipedia, the free encyclopedia
Григориан күнтізбесі — әлемнің көп бөлігінде қолданылатын күнтізбе. Католик елдерiнде 1582 жылдың 4 қазанында әке Григорий XIII ескi юлиан күнтізбесінің орнына енгiзiлдi. Тропиктік жылға (365,2422 тәулік) келістіру мақсатында Григориан күнтізбелі жылдың ұзақтығын 365,2425 тәулікке теңістіріп, кібісе жылдарды қайта бөлген.
Айлар мен кібісе жылдар
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3d/%D0%90%D0%B9_%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BD_%D0%B6%D2%B1%D0%B4%D1%8B%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%83.png/640px-%D0%90%D0%B9_%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BD_%D0%B6%D2%B1%D0%B4%D1%8B%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%83.png)
Алдыңда қолданыста жүрген Юлиан күнтізбесіндегідей, Григориан күнтiзбесі — күн күнтізбесі, яғни оның ұзақтығы Жердің күн орбитасынан айналғанына сәйкестендірілген. Григориан жылында 12 ай, әрқайсысы 28-31 күн аралығындағы ұзақтықпен жiктеледi:
№ | Ай | Күндер саны |
---|---|---|
1 | Қаңтар | 31 |
2 | Ақпан | 28 (кібісе жылда 29) |
3 | Наурыз | 31 |
4 | Сәуір | 30 |
5 | Мамыр | 31 |
6 | Маусым | 30 |
7 | Шілде | 31 |
8 | Тамыз | 31 |
9 | Қыркүйек | 30 |
10 | Қазан | 31 |
11 | Қараша | 30 |
12 | Желтоқсан | 31 |
Күнтізбе циклі әр 400 жыл немесе 146.097 күн қайталанады. 400 жылдың 303-і — кәдімгі және 97-і — кібісе жыл. Күнтізбелі жылдың орташа ұзақтығы — 365+97⁄400 күн немесе 365 тәулік, 5 сағат, 49 минут және 12 секунд. Григориан күнтізбесі бойынша, әр 400-жыл және 4-ке бөлінетін, бірақ 100-ге бөлінбейтін жыл — кібісе жыл болып саналады.
Юлиан және григориан күнтiзбелерiн айырмашылығы
Юлиан және григориан күнтiзбелерiнiң күндерінің айырмашылығы:
Күндер айырмашылығы | Кезең (юлиан күнтізбесі бой-ша) | Кезең (григориан күнтізбесі бой-ша) |
---|---|---|
10 | 5 қазан 1582 — 29 ақпан 1700 | 15 қазан 1582 — 11 наурыз 1700 |
11 | 1 наурыз 1700 — 29 ақпан 1800 | 12 наурыз 1700 — 12 наурыз 1800 |
12 | 1 наурыз 1800 — 29 ақпан 1900 | 13 наурыз 1800 — 13 наурыз 1900 |
13 | 1 наурыз 1900 — 29 ақпан 2100 | 14 наурыз 1900 — 14 наурыз 2100 |
14 | 1 наурыз 2100 — 29 ақпан 2200 | 15 наурыз 2100 — 15 наурыз 2200 |
15 | 1 наурыз 2200 — 29 ақпан 2300 | 16 наурыз 2200 — 16 наурыз 2300 |
Мемлекеттердің григориан күнтізбесіне ауысу күндері
Юлиан күнтізбесінің соңғы күні | Григориан күнтізбесінің бірінші күні | Мемлекттер/аумақтар |
---|---|---|
4 қазан 1582 | 15 қазан 1582 | Испания, Италия, Португалия, Речь Посполита (Литвалық және Польшаның ұлы княздықтың құрамындағы федерациялық мемлекетi) |
9 желтоқсан 1582 | 20 желтоқсан 1582 | Франция, Лотарингия |
21 желтоқсан 1582 | 1 қаңтар 1583 | Голландия, Брабант, Фландрия |
10 ақпан 1583 | 21 ақпан 1583 | Льеж епископтығы |
13 ақпан 1583 | 24 ақпан 1583 | Аугсбург |
4 қазан 1583 | 15 қазан 1583 | Трир |
5 желтоқсан 1583 | 16 желтоқсан 1583 | Бавария, Зальцбург, Регенсбург |
1583 | Австрия (бөлігі), Тироль | |
6 қаңтар 1584 | 17 қаңтар 1584 | Австрия Республикасы |
11 қаңтар 1584 | 22 қаңтар 1584 | Швейцария (Люцерн, Ури, Швиц, Цуг, Фрайбург, Золотурн кантондары) |
12 қаңтар 1584 | 23 қаңтар 1584 | Силезия |
1584 | Вестфалия, Америкадағы Испан колониялары | |
21 қазан 1587 | 1 қараша 1587 | Венгрия |
14 желтоқсан 1590 | 25 желтоқсан 1590 | Трансильвания |
22 тамыз 1610 | 2 қыркүйек 1610 | Пруссия |
28 ақпан 1655 | 11 наурыз 1655 | Швейцария ( Вале кантоны) |
18 ақпан 1700 | 1 наурыз 1700 | Дания ( Норвегияны қоса), протестанттық неміс мемлекеттері |
16 қараша 1700 | 28 қараша 1700 | Исландия |
31 желтоқсан 1700 | 12 қаңтар 1701 | Швейцария (Цюрих, Берн, Базель, Женева) |
2 қыркүйек 1752 | 14 қыркүйек 1752 | Ұлыбритания және колониялар |
17 ақпан 1753 | 1 наурыз 1753 | Швеция (Финляндияны қоса) |
5 қазан 1867 | 18 қазан 1867 | Аляска |
1 қаңтар 1873 | Жапония | |
20 қараша 1911 | Қытай | |
желтоқсан 1912 | Албания | |
31 наурыз 1916 | 14 наурыз 1916 | Болгария |
31 қаңтар 1918 | 14 ақпан 1918 | Ресей Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония |
1 ақпан 1918 | 15 ақпан 1918 | Латвия, Литва |
17 сәуір 1918 | 1 мамыр 1918 | Грузия, Әзірбайжан және Армения |
18 қаңтар 1919 | 1 ақпан 1919 | Румыния, Югославия Одақтық Республикасы |
9 наурыз 1924 | 23 наурыз 1924 | Грекия |
18 желтоқсан 1925 | 1 қаңтар 1926 | Түркия |
17 қыркүек 1928 | 1 қазан 1928 | Мысыр |