Гляциология [1]қатты күйдегі атмосфералық жауын-шашынның жиналуы мен түрленуі нәтижесінде құрлықта пайда болған жылжымалы табиғи мұздарды зерттейтін ғылым. Гляциология мұздықтардың ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, құрамын, физ. қасиеттерін, кеңістікке таралуын зерттейді.

Thumb
Гляциология

Tарихы

Гляциология ғылымының тарихы Швейцария жаратылыстанушысы О.Соссюрдің (17401799), «Альпіге саяхат» (17791796) атты еңбегінен басталады. Одан кейін Л.Агассис, А.Гейм, Х.Рейд, А.И. Воейков, В.Ф. Ошанин, Б.А. Федченко, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде мұздықтар туралы жалпы ғылыми ұғымдар тұжырымдалып, жеке мұздықтарға сипаттамалар берілді. 20 ғасырдың басынан Гляциологиялық зерттеулердің көлемі өсті, әдістері (фотограмметрия, аэрофототүсірім, сейсмикалық барлау, термиялық бұрғылау, ғарыштық зерттеу, тағы басқа) жетілдірілді. Жаңа мұздықтар картаға түсірілді, Жер шарындағы мұздықтарды зерттеу үшін халықаралық геофизикалық жылдар, халықар. мұздықтар комиссиясы ұйымдастырылды.

Қазақстандағы гляциология

Гляциология Қазақстанда 20 ғасырдың 20-жылдары қалыптасты. Мұздықтардың негізгі массасы республиканың оңтүстігі мен шығысындағы тау жоталарында шоғырланған. 19571959 жылдары Қазақстан гляциологтары Халықарарылқ геофизикалық жылдың бағдарламасы бойынша КСРО ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып зерттеулер жүргізді. Осы және кейінгі зерттеулердің нәтижелері 36 томдық «Гляциологиялық зерттеулер материалдарында», 11 бөлімнен тұратын «Қазақстандағы гляциологиялық материалдарында», көптеген монографияларда жарияланды. 19641974 жылдары Қазақстан ҒА География секторының (1983 жылдан География институты) гляциологтары Қазақстанның бүкіл таулы өлкелеріндегі мұздықтар каталогтарын құрастырды, соның негізінде республикадағы таулы мұз басудың тұңғыш картасы жасалды. Қазақстанда 2700-ден астам мұздықтар бар, олардың жалпы аумағы 2033 км2, көлемі 100 км3-ге жуық.[2]

Гляциологияның сала және бағыттары

Гляциология негiзгi нақты зерттеу нысана бойынша бiрнеше салаларға жiктеледi:

Гляциологияларда жапсарлас ғылымдары бар өзара байланыстарға және ерекше әдiстер бойынша бағыттардың қатары адыраяды:

  • гляциоклиматология
  • гляциогидрология
  • структуралық гляциология
  • динамикалық гляциология
  • изотоптық және и геохимиялық гляциология
  • төрттік гляциогидрология

Қосымша

Гляциология - Жер бетіндегі, атмосферадағы, гидросферадағы және литосферадағы табиғи мүздар туралы ғылым. Гляциология мұздың режімін және даму серпінін, қоршаған ортамен өзара әрекетін, Жердің дамуындағы рөлін зерттейді. Сонымен катар қар-мұздық ресурстар, қар-мұз жүйесі массаларының қоршаған ортамен алмасуын, деформацияларды және мұздықтардың, көшкіндердің, мұз далаларының қозғалысын, планетаның мұз сақтаушысы ретінде жамылғы мұздықтардың ерекшеліктерін, мұздықтардың тербелісін және мұз басу тарихын, инженерлік-гляциологиялық проблемаларды зерттейді. Гляциологияның зерттеу нысаны гляциосфера мен оны құрайтын нивалдық-гляциалдық жүйе болып табылады. Негізгі зерттеу міндетіне сәйкес Гляциология мұздықтану, қартану, көшкінтану, суқоймалар мен ағын сулардың мұзын тану, палеогляциология деп бөлінеді. Гляциология тоңтанумен (геокриологиямен) бірге Жер криологиясын құрап, криосфераны зерттейді.[4]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.