From Wikipedia, the free encyclopedia
Гитара - кең таралған 6 ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Ішектері металл немесе нейлоннан жасалады. Жеке орындауда, әнді сүйемелдеуде және басқа аспаптармен бірге ансамбльдерде ойналады.
Гитардың арғы тарихы ежелгі Бабилонға барып тіреледі. 3000 жыл бұрынғы Хеттылердің жартас оймаларында гитараға ұқсайтын ежелгі шертпелі аспаптың кескіні бар, олар оны бағызы Бабилондықтардан алған екен. Испанияда 12ғ. бастап белгілі бола бастайды.
Гитара сөзі Испанша guitarra сөзінен орысшаға, сосын қазақшаға ауысқан, бұл сөз Андалуция арабтарынан келген Қитара (قيثارة, qīthārah) сөзі болып, ол латынша Китара (cithara) деп аталады, ол ежелгі грек сөзі Кицара (κιθάρα, kithara)сөзінен алынған. Ал гректер бұл сөзді парсылардан алыпты. Парсшада Сіхтар (sihtar) делінеді. Бұл атаулар әлі күнге парсыларда бар: Сетар, Дұтар, Сітар... . Мұндағы "Тар" сөзі прысша болып, "ішек" деген мағына береді.
17 - 18ғ. келгенде Гитара Еуропа мен Америкада қайта жанданып, кең тарады, 19ғ Ресейде 7 ішекті Гитараға сұраныс артты.
Гитараның укулеле (шағын ғавай Гитарасы), цис-тра (алмұрт пішіндес португал Гитарасы), ағылшындық Гитара тәрізді түрлері кездеседі. Қазіргі музыкада (джаз бен эстрадада) электрогитаралар қолданылады.
Қазақ композиторлары Қ.Есенов, Е.Белғозиев, әншілер И.Өнербаев, Г.Ақүрпекова, т.б. гитараның сүйемелдеуімен көптеген муз. шығармалар, әндер орындап жүр.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.