From Wikipedia, the free encyclopedia
Гидралар (Hydrozoa) – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі. Гидралардың қайта қалпына келу қасиеті өте жоғары дамыған, мыс., денесінің мөлш. 1 мм-ге жетпейтін особь (дарабас) тез арада біртұтас Гидралар қалпына келеді.Гидралар негізінен лаб-да тәжірибе жасау үшін пайдаланылады.
Гидралар | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Кіші табтары және тайпалары | ||||||||||
|
Денесі екі бөлімнен тұрады:
Екі негізгі типтері бар: эпителиальды-бұлшықетті асқорыту және безді жасушалардан тұрады. Жасушалары бұлшық етті талшықардан тұрады, бір-біріне перпендикуляр орналасады. Олар асқорыту қуысына литикалық ферменттер бөледі.
Гидра жыртқыш жануар болып табылады, ол көбінесе дафниялармен, циклоптармен және қарапайымдылармен қоректенеді. Зоолог Герданың айтуы бойынша гидра ұсақ балықтады да жеуі мүмкін.
Гидра қоректтік заттарды екі түрлі жолмен сіңіреді:
Жынысты және жыныссыз көбейеді.
Жыныссыз көбею – жаз кезінде бүршіктену арқылы жүреді. Бүршіктену кезінде дененің ортаңғы бөлімінде бүршік пайда болады. Олардан жас гидралар дамиды. Біраз уақыт жас гидралар орнынан қозғалмай сол жерінде қала береді.
Жынысты көбею – күз айында өтеді. Барлық гидратірізділерде гамета аралық жасушалардан түзіледі. Еркек гидрада олар көп бөліне береді де, сперматазоидттар жиынтығы пайда болады. Ал ұрғашы гидрада әр аралық жасуша бір жұмыртқа-жасушаға бастау береді. Ұрықтану ана денесінде жүреді. Жынысты көбею кезінде судағы температура төмендейді
Обелия
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.