From Wikipedia, the free encyclopedia
Омыртқа (vertebraе) – тұлға тірек қаңқасын құратын сүйектердің бірі. Омыртқаның қалың да жалпақ біткен бөлігін денесі, жұлын орналасатын қуыс құратын артқы бөлігін доғасы деп атайды. Доғаның дара және жұп қанаттары (екеуі көлденең және төртеуі келесі Омыртқамен жалғасады) болады.[1]
Омыртқаның пішіні әр түрлі. Бірінші мойын Омыртқаны ауыз Омыртқа, екіншісін эпистрофей деп атайды. Кеуде Омыртқада қабырға басы бекитін ойықтар бар. Бел Омыртқаның көлденең қанаттары жалпақтау, ірілеу, бұл – қабырға рудименті. Әр түрлі жануарлар Омыртқасының алдыңғы, артқы беті құрылысында айырмашылық болады. Балықтардың, кейбір қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың Омыртқа денесінің екі беті де ойыс (амфицельді), көпшілік қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың Омыртқасының алдыңғы беті ойыс (процельді), артқы беті кейбір жағдайларда ойыс (опистоцельді), құстарда ер тәрізді (гетероцельді), ал сүтқоректілердің Омыртқасы арасында шеміршек болады, осыған байланысты олардың Омыртқасы беттері жалпақ ойыс (платицельді) пішінді болып келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.