![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/25/Hydra-Foto.jpg/640px-Hydra-Foto.jpg&w=640&q=50)
Гидра
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гидра (лат. Hydra) – ішекқуыстылар типінің, гидралар (Hydrozoa) класының бір туысы. Ұзындығы 1 см-ге дейін, табанымен субстратқа бекініп тіршілік етеді. Өзендер мен шалшық суларда көп кездеседі.
![]() Гидра
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Түрлерi[1] | ||||||||||||||||||||
Тізім
Hydra canadensis Rowan, 1930
Hydra cauliculata Hyman, 1938 Hydra circumcincta Schulze, 1914 Hydra daqingensis Fan, 2000 Hydra ethiopiae Hickson, 1930 Hydra hadleyi (Forrest, 1959) Hydra harbinensis Fan & Shi, 2003 Hydra hymanae Hadley & Forrest, 1949 Hydra iheringi Cordero, 1939 Hydra intaba Ewer, 1948 Hydra intermedia De Carvalho Wolle, 1978 Hydra japonica Itô, 1947 Hydra javanica Schulze, 1929 Hydra liriosoma Campbell, 1987 Hydra madagascariensis Campbell, 1999 Hydra magellanica Schulze, 1927 Hydra mariana Cox & Young, 1973 Hydra minima Forrest, 1963 Hydra mohensis Fan & Shi, 1999 Hydra oligactis Pallas, 1766 Hydra oregona Griffin & Peters, 1939 Hydra oxycnida Schulze, 1914 Hydra paludicola Itô, 1947 Hydra paranensis Cernosvitov, 1935 Hydra parva Itô, 1947 Hydra plagiodesmica Dioni, 1968 Hydra polymorpha Chen & Wang, 2008 Hydra robusta (Itô, 1947) Hydra rutgersensis Forrest, 1963 Hydra salmacidis Lang da Silveira et al., 1997 Hydra sinensis Wang et al., 2009 Hydra thomseni Cordero, 1941 Hydra umfula Ewer, 1948 Hydra utahensis Hyman, 1931 Hydra viridissima Pallas, 1766 Hydra vulgaris Pallas, 1766 Hydra zeylandica Burt, 1929 Hydra zhujiangensis Liu & Wang, 2010 |
Денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан тұрады. Эктодерма қабаты тері-бұлшықет жасушаларынан, атпа жасушаларынан, жүйке және аралық жасушалардан түзіледі. Энтодерма қабаты асқорыту-бұлшықет жасушалары мен безді жасушалардан тұрады және ішек қуысын астарлап жатады.
Атпа жасушалары қармалауыштарда орналасады және олардың ішінде улы сұйығы бар қапшығы (капсуласы) болады. Қапшықта шиыршықталған жіңішке атпа түтікше-жіп жатады. Мұндай жасушаның гидра денесі жабынынан сәл қалтиып шығып тұратын сезімтал талшығы болады. Судағы ұсақ шаян немесе су бунақденелілерінің дернәсілі гидра денесіндегі сезімтал талшыққа тиіп кетсе, қапшықтағы атпа жіпше лезде жазылады да, денесіне жайылады. Гидра жемді қармалауыштары арқылы ауызына апарып, жұтады. Жем ішек қуысына түскен соң безді жасушалардан сөл бөлініп, ас ұсақталып қорытыла бастайды. Асқорыту-бұлшықет жасушаларының талшықтары ас түйіршіктерін араластырады да, пайда болған жасуша жалғанаяқтары (амеба сияқты) ол түйірлерді орап алып, цитоплазмаға өткізеді. Ас одан әрі вакуольдерде қорытылады.
Қоректік заттар ағзаның барлық жасушаларына сіңіріледі. Қорытылмаған қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады. [2][3]