From Wikipedia, the free encyclopedia
Геркуланум (лат. Herculaneum, итал. Ercolano) — Италиялық Кампания ауданында, қазіргі Эрколаноның қасында орналасқан ежелгі римдік қала. Помпеи және Стабии қалалары іспеттес Везувийдің шашылу кезеңінде, 79 жылдың 24-тамызында тарих сахнасынан жойылды.
Геркуланум | |||
Ercolano | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Ауданы | |||
Басшысы |
Винченцо Страззулло | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
54921 адам (2010) | ||
Тығыздығы |
2800 / км 2 адам/км² | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
081 | ||
Пошта индексі |
80056 | ||
Геркуланум шекарасы
|
Геракулум Помпеилер секілді, ЮНЕСКОның бүкіләлемдік мұрасына № 829 нөмірімен енгізілді.
Дионисий Галикарнасскийдің айтқан мифтері бойынша, Геркуланумның негізін Геркулестің өзі қалаған болатын. Шын мәнінде, Геркуланумда алғашқы боп б.з.б. VI ғасырда қоныстанған самниттердің ізашарлары, оск тайпасы болуы мүмкін. Содан соң қала гректердің ықпалына түсіп, теңізге жақын орналасқан болғандықтан кемежай ретінде пайдаланылды. Қаланың атын қойған да гректер болуы мүмкін — бұл қала алғашқы рет ежелгі Грекияның философы Теофрасттың еңбегінде Гераклеон есебінде аталған.
62 жер сілкінісі Геркуланумға айтарлықтай залал келтірді (археологиялық қазба жұмыстары қала ғимараттары қирап, кейін қайта құрылғандығын көрсетіп отыр). Геркуланумның өліміннің алдында ол тұрғындаы 4000 адамнан тұратын, Неаполитан шығанағының жағасында орналасқан көркем қала болған.
79 жылдың 24-тамызында басталған Визувийдің шашылуы шамамен 800 жылға созылды. Оқиғалар хронологиясын қазба жұмыстарынан және сүргіннің куәгері Плиний Кішінің Рим тарихшысы Тацитқа бағытталған 2 хатынан табуға мүмкіндік болды.
Шамамен күндізгі сағат бірде Визувийдің өзегінен үлкен жанартау күлінің массалық шығарылуы пайда болды. Кейін ол үлкен қара бұлтқа айналып Помпеи және Стабииге опырып түсті. Олардың салмағы үлкен болғаны сонша, тіпті бұл қалалардағы үйлердің төбелері қираған.
Алғашында бұл оқиғалар Геркуланумға еш зиян тигізбесе де, қала тұрғындарының көбісі қаладан кетіп қалған болатын. Бірақ, жанартау атқылауын бітуін судың жағасында күтпекші болғандар да болды. Түнгі бірде жанартаудан ыстық лава аға бастаған кезде осы қалған санаулы адамдарды лезде өлтірген болатын. Лаваның жоғары температурасы судың булануына әкелді. Соның салдарынан тіпті папирус бұрама қағаздары да сақталған.
Геркуланумның ашылуы жазатайым болды. 1710 жылы Амброджо Нучерино атты шаруа құдық қазып жатып, мәрмәр мүсінге кез болды. Эммануил-Морис Лотарингскийге хабарланған болатын. Шаруаның құдығын сатып алып, герцог 9 ай бойына қазба жұмыстарын ұңғыманы қашаулау әдісімен жүргізеді. Ол барлығы 9 мүсіндерді тауып алады да, өзінің жақтаушыларына сыйға тартады. Соның ішінде шахзада Евгений Савойскийге де беріледі. 1738 жылы Карл III бұйрығымен қазба жұмыстары қайта басталды. Ең бағалы деген олжалар Портичи қаласындағы президент резиденциясында болды. Кейін, осы қалады Геркуланумның жеке мұражайы ашылды.
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%BA%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%83%D0%BC
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.