Географиялық белдем
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Географиялық белдемдер, табиғат белдемдері – Жердің географиялық қабығындағы ірі табиғат бөлінісінің жоғары сатысын құрайтын бөліктерінің бірі. Әрбір географиялық белдемде өзіне ғана тән геоморфологиялық процестер жүреді, осы белдемге тән климат, топырақ жамылғысы, өсімдік дүниесі мен жан-жануарларының басымдылығы байқалады. Кейде басқа белдемдерге жататын жерлер де кездесіп отырады. Олар географиялық ендікке, жер бедеріне және басқа да табиғи факторларға байланысты қалыптасады. Негізінен ендік бағытта созылып жатады. Бірақ орографиялық жағдайларға байланысты бойлық (меридиандық) бағытта да географиялық белдем болады (мыс., Солтүстік Американың табиғат белдемдері). Теңізге қарағанда құрлықтарда оның ерекшеліктері айқынырақ байқалады. Құрлықта Географиялық белдемдер: арктикалық және антарктидалық шөл, тундра және орманды тундра, тайга, аралас және жалпақ жапырақты орман, орманды дала және дала, шөлейтті дала және шөл, саванна және сирек орман, қатты жапырақты және мәңгі жасыл, бұталы (жерортатеңіздік) орман, ауыспалы-ылғалды (оның ішінде муссонды) және экваторлық ылғалды орман белдемдері болып ажыратылады.[1]Қазақстан аумағында солтүстіктен оңтүстікке қарай орманды дала (республика аумағының 2,5%-ын қамтиды), дала (20%), шөлейт (14%) және шөл (40%) белдемдері бірін-бірі ауыстырады. Қазақстандағы Географиялық белдемдердің ерекшелігі – топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Бұл осы бағытта климаттық континенттілігінің күшеюіне байланысты болады. Республиканың биік таулы аймақтарында географиялық белдем биіктікке байланысты ауысып отырады. Олар Қазақстан жерінің 13,5%-ын құрайды.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.