Атырау облысындағы ауыл From Wikipedia, the free encyclopedia
Құрманғазы (2018 ж. дейін Ганюшкин)[2]) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, аудан және аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы.
Ауыл | |
Құрманғазы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
46°36′ с. е. 49°16′ ш. б.46.600° с. е. 49.267° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1793 |
Бұрынғы атаулары |
Ганюшкин (орыс. Ганюшкино) |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲ 14 672[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71233 |
Пошта индексі |
060400 |
Құрманғазы шекарасы
|
Ауыл Еділ өзенінің саласы — Шарон (кейбір деректер бойынша Шора) өзенінің бойында орын тепкен. Облыс орталығы Атырау қаласынан 245 км, Ресейдің Астрахан қаласынан 113 км қашықтықта орналасқан.[3]
Ганюшкин арқылы Атырау—Астрахан тас жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы Ақкөлмен ара қашықтығы — 25 шақырым.
2010 жылдың 1 қазандағы дерек бойынша Ганюшкинде 12830 адам[4] тұрады. Соның басым көпшілігі (94%) — қазақтар.[3]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады.[5]
Астрахан мұрағатынан алынған деректер бойынша ауыл құрылған жылы (1793 немесе 1789—1793 ж. аралығы) Ганюшкинде 15 үй болған, оның ішінде 38 ер, 41 әйел, барлығы 79 адам тұрған, ал 1871 ж. 53 үйде 358 адам тұрған, олардың ішінде 229 ер, 179 әйел болған.
1917-1922/23 жылдардағы азамат соғысы кезінде Ганюшкин ақтардан қызылдарға және керісінше бірнеше рет ауысып, қолдан-қолға өткен. 1919 ж. 23 қарашада Ганюшкин Қызыл әскер құрамына біржолата өтті. Жергілікті танымал қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың ұйымдастыруымен Ганюшкин — әуелі болыс орталығы, содан соң 1922 ж. уез орталығы, ал 1928 жылдан бастап аудан орталығы болды.[3]
2018 жылы сәуірде ауыл есімі Ганюшкиннен Құрманғазы болып өзгертілді[2].
Ауыл Үлкен және Кіші Ганюшкин, Самаркин, Бұзаусылан (Безымянный), Рембаза, Құрылысшылар ауылы (ПМК), РТС, Кіресті (Красиловка), Жапырық (Ягодный) деп аталатын мөлтек аудандардан тұрады[3].
Мөлтек аудандардың аталу тарихы төмендегідей:
Үлкен және Кіші Ганюшкин — екі аралдың атауы 18 ғасырда ағайынды Ганюшкиндер келіп орналасуына орай осылай аталған. Бұл туралы алғашқы мәлімет 1759 жылы болған.
Самаркин — Көпес Ганюшкин берген атау делініп жүр. Самар беті мағынасында.
Бұзаусылан — ертеде айналасының барлығын су қоршаған арал болған, осы аралға тұрғындар бұзауларын қайықпен шығарып, шөпке жайған. Әрі қарайбұл арал Бұзаусылан деп аталған.
Рембаза — Кіші Ганюшкиннің бір бөлігі. 20-ғасырдың 30-жылдарынан бастап, шағын кеме, қайық, мотор, балықшылыр жарақтарын өңдейтін база, шеберхана орналасуына байланысты атап кеткен.
РТС (Механизатор ауылы) — өткен ғасырдың 50 - жылдары трактор, автокөлік жөндеу станциялары орналасуына байланысты шыққан атау.
ПМК (Құрылысшылар ауылы) — Орысша «Передвижная механизированная колонна» сөзінен шыққан. 1960 жылы ауданда алғаш рет жылжымалы механикаландырылған құрлысшылар колоннасы құрылуына байланысты шыққан атау.
Кіресті — жер аты. Бастапқы аты Қызылжар болуы мүмкін, азамат соғысы кездеріндегі деректерде Красиловский бугор аталған. Орыс молаларының көп болуына байланысты «кресты, крест», кейін дыбыстық өзгеріске ұшырап, Кресті атауына ие болған.[6]
Ауылда қазақтың атақты күйшісі Құрманғазыға, Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевке, азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш, интернационалист-жауынгер Бауыржан Бегалиевке ескерткіш тақталар орнатылған.[3]
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға орнатылған «Ер есімі- ел есінде 1941-1945 жылдары» атты ескерткіш обелискілер, Данқ орденінің үш бірдей иегері Ғизат Мұқашұлы Әліповке, Кеңес Одағының Батыры Филипп Савельевич Мазуровқа, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға, Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевқа орнатылған гранит белгілері бар. Сонымен қатар Ауған жеріндегі соғысқа 1979-1989 жылдар аралығында 95 интернациалист жауынгер жерлестерге арналған ескерткіш, Тәжік -Ауған шекара аймағында қатысқан 1992-2001 жылдар аралығында ауданнан қатысқан 53 жауынгерге ескерткіш, Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың құрметіне ескерткіш, «Қуғын-сүргін құрбандары мәңгілік жадымызда» 1930-1940 жылдар аралығында 30-ға жуық жерлестерге арналған ескерткіш орнатылған.
Құрманғазы ауылында 3 қазақ мектебі, 1 орыс мектебі, сондай-ақ Ганюшкин мектеп-интернаты бар. Сонымен қатар орталық аурухана, мәдениет үйі, емхана, мұражай, басқа да мекемелер орналасқан.[3] Сонымен қатар спорт кешені, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана жұмыс жасайды.
«Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан.
Құрманғазы ауылы | "Темірәлі" мешіті | Ауылдағы шағын көпірлердің бірі. | Құрманғазы ауылы | Құрманғазы ауылы | Құрманғазы ауылы | Бұзауслан |
---|---|---|---|---|---|---|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.