Галил
From Wikipedia, the free encyclopedia
Галил (ивр. גליל, ағылш. Galil) - израильдік автомат қаруы. Автоматты ойлап тапқан израильдік құрылымдаушысы Исраэл Галили. Галил финдік Валмет Rk 62 автоматының негізінде [1] жасалған. Ал Валмет Rk 62 автоматы - Калашников автоматының бір нұсқасы[2][3][4].
Өңделу тарихы
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fb/Galil.jpg/320px-Galil.jpg)
1967 жылы Израиль әскері арабтармен 6 күндік соғысты ұтса да, бұл соғыс нәтижесінде израиль әскері жабдықталғал FN FAL қаруының арабтардың қаруланған Калашников автоматына қарағанда көптеген жетіспеушіліктері бар екеніне көзі жетті. 1969 жылы инженерлер Галь Узиель және Исраэл Галили Израиль әскери басшылығына өздері ойлап тапқан қарулардың нұсқаларын ұсынды[5]. Нәтижесінде финдік Валмет Rk 62 автоматының негізделген Галилидің нұсқасы тапсырыс берушілердің көңілінен шықты. 1973 жылы Галил автоматы Израиль әскерінің қарулануына қосылды. Автомат өндіруші - «Israel Military Industries» компаниясы қажетті құрал-жабдықты Финлияндиядан сатып алып, автоматты жаппай өндіре бастады.
1980 жылдардың соңына қарай Галил автоматының көптеген жетіспекшілктеріне байланысты Израиль әскерінің жаяу бөлімдерінде қолдануы тоғартылған. 1990-шы жылдары Галил автоматының орнына америкалық M16 автоматы келді. Пайдалануда тек қана Галил автоматының қысқартылған нұсқалары қалды.
2006 жылы Галил автоматы өндірістен толайым шығарылды[6].
Автоматтың нұсқалары
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/40/Estonian_Soldier_DM-SD-02-00619.jpg/640px-Estonian_Soldier_DM-SD-02-00619.jpg)
- Galil AR (Assault Rifle) — базалық нұсқа ( оқтары - 5,56 мм НАТО және 7,62 мм НАТО ).
- Galil ARM (Assault Rifle and Machine gun) (оқтары - 5,56 мм НАТО; 7,62 мм НАТО).
- Galil SAR (Short Assault Rifle) - қысқартылған нұсқасы (оқтары - 5,56 мм НАТО; 7,62 мм НАТО).
- Galil MAR (Micro Assault Rifle, Micro-Galil) — қысқартылған нұсқасы (оқтары - 5,56 мм НАТО).
- Magal — тапанша-пулемет, тек қана 1000 данасы шығарылған.
- Galil Sniper немесе Galatz- снайперлерге арналған нұсқасы (оқтары - 7,62 мм НАТО).
- Galil Hadar
- SR-99
- Galil ACE
Автоматты пайдаланушы елдер
Боливия[7]
Ботсвана[7]
Бразилия[7]
Колумбия[8].
Коста-Рика[7] [9]
Конго Демократиялық Республикасы[7]
Джибути[10]
Сальвадор[11]
Эстония[12][13][14][15].
Гватемала[16]
Гаити[7]
Үндістан[7]
Индонезия[17].
Израиль[18][19].
Лесото[7]
Моңғолия[20][21]
Непал[7]
Никарагуа[7]
Перу[7]
Филиппин[7][22]
Португалия[23].
Руанда[7]
ОАР[24].
Эсватини[7]
Тринидад және Тобаго[7]
Вьетнам
Чили[25]
Дереккөздер
- AK-47 - Kalashnikov AK-47 Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2013 жылы.
- Imi Galil Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2002 жылы.
- И. Левитин. Винтовка «Галил» окончательно снимается с вооружения израильской армии // «Зарубежное военное обозрение», № 11 (728), 2007. стр.84
- Jones, Richard D. Jane’s Infantry Weapons 2009/2010. Jane’s Information Group; 35 edition (қаңтар 27, 2009). ISBN 978-0710628695
- Martha Honey. Hostile Acts: U.S. Policy in Costa Rica in the 1980s. University Press of Florida, 1994. page 299
- Navy News Service — Eye on the Fleet Мұрағатталған 15 шілденің 2007 жылы.
- Haapiseva-Hunter Jane Israeli foreign policy: South Africa and Central America — South End Press. — P. 115. — ISBN 978-0896082854.
- Haapiseva-Hunter Jane Israeli foreign policy: South Africa and Central America — South End Press. — P. 114. — ISBN 978-0896082854.
- Kopassus & Kopaska - Specijalne Postrojbe Republike Indonezije (Croatian). Hrvatski Vojnik Magazine. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 сәуір 2012. Тексерілді, 12 маусым 2010.
- Hogg, Ian (2002). Jane’s Guns Recognition Guide. Jane’s Information Group. ISBN 0-00-712760-X.
- Picture of the Knesset Guard on Israel’s 52nd Independence Day armed with Galil, Israeli Knesset Official Website
- http://www.shuud.mn/wp-content/uploads/2011/11/352.jpg Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2013 жылы.
- 084th division. Mongolian special task battalion - YouTube. Тексерілді, 8 ақпан 2013.
- Walter John Rifles of the World — Krause. — P. 616. — ISBN 978-0896892415.
- Assault_Rifles.htm army.mil.za // weapon systems: infantry(қолжетпейтін сілтеме)
- Chilean Army Selets Israeli Rifle. Тексерілді, 4 мамыр 2014.