![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/17/Vladimir_Lenin.jpg/640px-Vladimir_Lenin.jpg&w=640&q=50)
Владимир Ильич Ленин
кеңестік революционер, РКФСР және КСРО тұңғыш басшысы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Владимир Ильич Ленин (нағыз тегі Ульянов; 22 сәуір 1870 жыл, Симбирск — 21 қаңтар 1924 жыл, Мәскеу губерниясы) — орыс революционері, марксизмнің ірі теоретигі, шешен, философ, кеңестік саяси және мемлекет қайраткері, Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының (большевиктер) негізін қалаушы, Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісінің бас ұйымдастырушысы және жетекшісі, Ресей КФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің бірінші төрағасы және КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің, дүниежүзілік тарихтағы тұңғыш социалистік мемлекетті құрушы.
Владимир Ильич Ленин Владимир Ильич Ульянов | ||||
![]() Ленин, 1920 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
6 шілде 1923 жыл — 21 қаңтар 1924 жыл | ||||
Ізашары | лауазымы ұйымдастырылған | |||
Ізбасары | Алексей Рыков | |||
| ||||
8 қараша 1917 жыл — 21 қаңтар 1924 жыл | ||||
Ізашары | лауазымы ұйымдастырылған; Уақытша Үкімет Министр-төрағасы ретінде Александр Керенский | |||
Ізбасары | Алексей Рыков | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | РСДЖП →РК(б)П → БК(б)П | |||
Білімі | Қазан университеті, Петербург университеті | |||
Мамандығы | Заңгер, саясаткер, публицист | |||
Діні | Атеист | |||
Дүниеге келуі | 22 сәуір 1870 (1870-04-22) Сімбір, Ресей империясы | |||
Қайтыс болуы | 21 қаңтар 1924 (1924-01-21) (53 жас) Горки мекені, Суханов болысы, Подольский уезі, Мәскеу губерниясы, РКФСР, КСРО | |||
Жерленді | Ленин Кесенесі, Мәскеу | |||
Әкесі | Илья Ульянов | |||
Анасы | Мария Ульянова | |||
Жұбайы | Надежда Крупская | |||
Қолтаңбасы | ![]() | |||
Владимир Ильич Ленин Ортаққорда | ||||
өңдеу ![]() |
Марксист, публицист, идеолог және Үшінші (Коммунистік) Интернационалды құрушы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының негізін қалаушы. Негізгі саяси-публицистикалық еңбектерінің көлемін материалистік философия, марксизм теориясы, антикапитализм және антиимпериализм, социалистік революцияны жүзеге асыру, социализм мен коммунизм құру теориясы мен тәжірибесі, социализмнің саяси экономиясы құрады.
Ленин халықаралық коммунистік қозғалысқа елеулі әсер етті, онда ол дүниежүзілік тарихтағы гуманитарлық, халықтық және маңызды революциялық мемлекет қайраткері болып саналады, тарихтағы ең ұлы мемлекетті құрды және адамзатқа орасан зор мұра қалдырды — адамзаттың қолынан келетінін дәлелдеген ғылыми теория зұлымдықтан, соғыс пен надандықтан азат болуы, өз тағдырын өзі шеше алатындығы.