Верховна Рада
From Wikipedia, the free encyclopedia
Украина Жоғарғы Кеңесі (укр. Верховна Рада України; кейде қазақша Жоғарғы Рада[2]) — Украинаның бірпалаталы парламенті.[3] Верховна Рада 450 депутаттан тұрады, оларды төрағасы (спикер) басқарады. 2019 жылдың 21 шілдесінде сайланған депутаттар 29 тамызында ұлықталды.[4]
Украина Жоғарғы Кеңесі укр. Верховна Рада України | |
Логотибі | |
Мемлекет |
Украина |
---|---|
Түрі | |
Түрі |
бірпалаталы парламент |
Сайлану мерзімі |
5 жыл |
Басшылығы | |
Төрағасы |
Руслан Стефанчук, ХҚ |
Құрылымы | |
Верховна Рада фракциялары |
Үкімет (273): Халықтың қызметшісі (237) Сенім депутат тобы (укр.)қаз. (18) Болашақ үшін (18)Оппозиция (27): Еуропалық ынтымақтастық (27) Батьківщина (24) Голос (20)Қалғандары (61): Өмір және бейбітшілік платформасы (22) Украинаны қалпына келтіру (19) ТәуелсіздерОрындары бос (45):[a] Орны бостар (45) |
Сайлауы | |
Верховна Рада соңғы сайлауы |
21 шілде 2019 |
Жиналыс залы | |
Штаб-пәтері |
Верховна Рада ғимараты, Киев |
Тарихы | |
Құрылуы |
1991[1] |
Ізашары |
УКСР Жоғарғы Кеңесі |
Жоғарғы Рада — елдегі жалғыз заң шығару органы. Оның құқығы және статусы Украина Конституциясында бекітілген. Парламент мүшелері Украина Халық депутаттары деп аталады және 5 жылға сайланады. Верховна Рададағы ең ірі партия — негізін Володимир Зеленський салған Халықтың қызметшісі партиясы.
Заң шығарумен қатар Верховна Рада Украинаның үкіметін, Министрлер Кабинетінің мүшелерін тағайындайды және олардың қызметі үшін жауап береді. Раданың 2021 жылдан бері төрағасы — Руслан Стефанчук.[5]