Халықтың қызметшісі (партия)
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халық қызметшісі (укр. Слуга Народу) — украиналық либералдық, центристік, про-еуропалық билік саяси партиясы.
Бұл мақала Украинаның саяси партиясы жайлы. Аттас телесериал жайлы мақала Халық қызметшісі деп аталады. |
Халық Қызметшісі | |
укр. Слуга Народу | |
ХҚ, СН | |
Басшысы |
Олена Шуляк[1] |
---|---|
Негізін салушы |
Іван Баканов |
Құрылған жылы |
13 сәуір 2016 (Шешімді өзгерістер партиясы ретінде) |
Штаб-пәтері |
Новоселитська көшесі, 7-үй, Киев |
Интернационалы | |
Одақтастар және жақтастар | |
Жастар ұйымы |
Зе! Молодіжка |
Мүшелер саны |
500–1,000 (2020)[a] |
Верховна рададағы мандаты |
237 / 450 |
Жергілікті кеңестердегі мандаты[2] |
6393 / 43122 |
Сайты |
Партия 2017 жылдың соңында құрылды және бұрын тіркелген Шешуші өзгерістер партиясы негізінде 2018 жылдың 31 наурызында ресми түрде тіркелді.[3] Партияға украиндық «Халық қызметшісі» телехикаясының атауы берілген.[4][3] Телехикая жұлдызы және Украинаның қазіргі президенті Володимир Зеленський партияның мүшесі болып келеді. «Халық қызметшісі» 2019 жылғы парламент сайлауында ең көп дауыс жинаған партия болып шықты.[5]
Әділет министрлігінің мәліметінше, «Халық қызметшісі» партиясы іс жүзінде «Шешуші өзгерістер партиясы» атауымен 2016 жылдың 13 сәуірінде тіркелген еді. Ол кезде оны Киев университетінің түлегі, осы жоғары оқу орны кампусының студенттік кеңесінің бұрынғы төрағасы Євгеній Юрдига басқарды.[6]
2017 жылдың желтоқсанында «Шешуші өзгерістер партиясы» атауын «Халық қызметшісі» деп өзгертіп, саяси күштің басшысы болып «Квартал 95» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Іван Баканов болды.[6]
2017 жылдың желтоқсанында «Ілько Кучерів демократиялық бастамалар қорының» мен Разумков орталығының сауалнамасына қатысқан украиналықтардың 4%-ы парламенттік сайлауда «Халық қызметшісі» партиясына дауыс беруге дайын екендіктерін мәлімдеген, ал 2018 жылдың мамырында бұл сан 5%-ға өсті (Украинаның сайлау шегінен өту үшін қажетті минимум).[6] «Демократияны бақылаушы» Чесно қозғалысы 2018 жылдың қыркүйегінде партияның сайлауға қатыса ма, жоқ па деген сұраққа Зеленськиймен және партия өкілдерімен байланыса алмады. Оған қоса Квартал 95 баспасөз қызметі Чесноға партия жетекшісі Бакановтың суретін бере алмады.[6] Чесно партияның басшылығы тек Квартал-95-ке қатысты адамдардан тұратынын анықтай алды.[6]
2018 жылдың желтоқсан айының соңында Зеленський өзінің 2019 жылғы президент сайлауына партиядан қатысатынын жариялады.[7] Ол президенттік сайлаудың бірінші айналымында жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленіп, 2019 жылы 21 сәуірде қазіргі президент Порошенкоға қарсы екінші айналымға өтіп, сайлауда 73 пайыздан астам дауыс жинап жеңіске жетті. Зеленський партия Петро Порошенко блогымен де, «Өмір үшін» оппозициялық платформасымен де коалицияларына кірмейтінін мәлімдеді.[8]
Партия өзінің бірінші съезін 2019 жылдың 9 маусымында өткізді. Ол Киевте өтті және оған президент Зеленський мен партияның жаңа жетекшісі Дмитро Разумков және басқалар қатысты. Съезд барысында партияның мажоритарлық округі бойынша кандидаттары мен жалпыұлттық жабық партиялық тізімдегі 97 кандидаттың аты-жөні жарияланды.[9] Сол жылдың 19 шілдесінде «Жаңа күштер қозғалысы» партиясының жетекшісі Михаил Саакашвили өз жақтастарын парламенттік сайлауда «Халық қызметшісі» партиясына дауыс беруге шақырды.[10]
Сайлауда партия жалпыұлттық партиялық тізім бойынша 124 мандатқа (43,16% дауыс) және 130 округтік мандатқа ие болды.[2] Парламентте Давид Арахамія партияның фракция жетекшісі болды және оның орынбасары болып Олександр Корнієнко таңдалды.[11]
Партия төрағасы Олександр Корнієнко сөзінше партия центристік болып келеді.[12] Партия популистік деп сипатталады.[13]
2019 жылдың 23 мамырында Слуга Народуның Верховна рададағы өкілі Руслан Стефанчук партияның идеологиясы либертаризм екенін айтты. Алайда сол жылдың қазанында партияның төрағасы Олександр Корнієнко оның либерализмге ауысқанын жариялады.[14]
Сайлау | Төрағасы | Нәтижесі | Орны | Позициясы | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дауыс саны | % | ±% | Мандат саны | +/– | ||||
2019 | Дмитро Разумков | 6,307,793 | 43.16 | Жаңа | 254 / 450 |
Жаңа | 1-орында | Көпшілік |
Сайлау | Үміткер | 1-айналым | 2-айналым | Нәтижесі | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Дауыс саны | % | Дауыс саны | % | ||||
2019 | Володимир Зеленський |
5,714,034 | 30.24 | 13,541,528 | 73.22 | Сайланды |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.