Бөктергі [1](лат. Falco vespertinus)— сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанның орманды дала аймақтарында, Жайық, Ертіс бойында мекендейді, Алтайда да ұшырасып қалады. Байқал көлінен Приморьеге дейін амур бөктергісі кездеседі[2]. Дене тұрқы 30 см-дей, салмағы 130 — 200 г. Арқа қауырсындары қара-көкшіл, сұр келеді. Қанаттарының ішкі жағы көлденең ақ жолақтармен көмкерілген. Тұмсығының түбі сары болады. Бөктергі — жыл құсы. Қазақстан жеріне наурыз — сәуір айларында ұшып келеді. Ағаш басындағы ұяларына 2 — 6 жұмыртқа салып, 28 күннен кейін балапандарын басып шығарады. Қыркүйек — қазан айларында қыстау үшін тропиктік аймақтарға ұшып кетеді. Олар шегіртке, қоңыз, инелік және олардың дернәсілдерімен, кейде ұсақ кеміргіштер мен кесірткелермен де қоректенеді. Көбіне жемін ұшып жүріп аулайды. Орман алқаптарындағы зиянды жәндіктермен қоректеніп, пайда келтіреді.[3]
Бөктергі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Еркек (оң жақта), мекиен (сол жақта), балашық (артқы сол жақта)
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Falco vespertinus Linnaeus, 1766 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Falco vespertinus vespertinus Linnaeus, 1766 |
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.