From Wikipedia, the free encyclopedia
Бәңгі көбелектер тұқымдасына (лат. Sphingidae) 1000-нан аса түрі бар ерекше ымырт көбелектері жатады.
Бәңгілер | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Laothoe amurensis
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Sphingidae Latreille, 1802 |
Қонып отырған бәңгіні барынша ірі шылымтәріздес денесі мен қанатынан байқауға болады. Оның алдыңғы қанаты тар және ұзын, артқы қанаты қысқа және кең болып келеді.
Ал қанат қаққан бәңгіні колибримен шатастырып алып жатады. Басқа көбелектен гөрі Бәңгілер шымшыққа ұқсайтыны қызық. Бәңгілер өте жылдам самғайды, тіпті жылдамдықтары 54 км/сағатқа дейін жетеді. Бұл кезде қанаттарын жылдам қағатыны соншалық, алуан реңмен араласып, жеңіл дыбыс шығарады. Гулге ұшып жеткен бәңгі ауада қалықтап тұрып, ұзын тұмсығын оның түбіне дейін сүңгітеді. Ұзын түтікпен хош иісті темекі, шырайгүл, меңдуананың нәрін сорып алады. Әдетте бәңгілер тозаңдандыратын гүлдердің иісі тунде ерекше аңқып тұрады.
Бәңгілер арасында талғамен боялған ірі түрлері аз емес. Олардың бірі Олеандр бәңгісі, қанатын жайғанда 10 см-ге дейін жетеді. Мадагаскарда гүлінің тереңдігі 20 см-ге жететін орхидея табылған кезде, Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтты. Мұндай көбелек 1903 жылы ашылды. Бұл көбелек Африкада, Жерорта теңізінде, Иранда, Ауғанстанда кең таралған, бірақ кейде жазды күні солтүстікке сапар шегіп, Ресейдің орта белдеуінде де ұшырасып қалады. Тұрақты мекені Каваказдың Қара теңіз жағалауы, мұнда жерорта теңізі олеандрларының көшеттері егілген (олардың жапырақтары жұлдыз құрттарының жеңсік асы болып саналады). Олеандр бәңгісінің ірі жұлдызқұрттарының дене ұштарында мүйіз түріндегі тығыз бездер өседі. Олар ірі ақтаңдақ- «көзшелері» бар денесін көтере ісініп дұшпандарын үркітеді.
Ірі бәңгі «Өлі бас » осылай аталуының арқасында қу бас пен айқасқан сүйектерді еске салатын сурет орналасқан. Көптеген халықтар осы көбелекке қатысты ырым - тыйымдар шығарып, оны бақытсыздық нышанына балайды. Бұл ащы дауыс шығара алатын бірден бір көбелек. Ол тек қанатымен гуілдеп қана қоймайды, сонымен бірге шиқылдайды да. Жаңадан туған араның аналығы шығаратын дыбысқа ұқсас бұл шиқылға елігіп, бәңгі омартаға адасып кіріп кетеді. Гүл шіресінен бөлек, ол балға да құмар, жүздеген ара ұясынан балды құныға сорады. Бәңгінің көшпелі жәндік екендігі де қызықты: Еуропаның оңтүстігінде дүние есігін ашқан көбелектер Қола түбегіне дейін ұшып жетеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.