From Wikipedia, the free encyclopedia
Бізқұйрық үйрек, қылқұйрық үйрек (лат. Anas acuta) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын құс. Республикамыздың солт-нде сулы-батпақты жерлерінде, Қамыс – Самар көлінде, Торғай өзенінің төменгі сағасы мен Зайсан ойпатында, кейде Алматы қаласының маңында кездесіп қалады.
Бізқұйрық үйрек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Anas acuta Карл Линней, 1758 | ||||||||||||||
Ақшыл жасыл - ұялайтын
Көк - қыстайтын Қою жасыл - жыл бойы Қызыл X - кездейсоқ | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Dafila acuta |
Қанатының ұзындығы 230 – 292 мм, салм. 600 – 1150 г. Кежегінің басы мен мойны қара қоңыр, желкесі жасыл, кеудесі, жемсауы ақ, арқасы қара қоңыр болады. Мекиенінің бас жағы қара қоңыр, қауырсындарының ұшы ақ. Басқа үйректерден ерекшелігі – мойны ұзын, ортаңғы қанаты құйрығынан асып жіңішке ұзын болып шығып тұрады. Осыған байланысты оны бізқұйрық немесе қылқұйрық деп атайды. Бізқұйрық үйрек – жыл құсы. Олар ақпанның аяғында ұшып келіп, өзен-көл маңындағы құрғақ жердегі қалың өсімдіктер арасына ұялап, көбінесе 7 – 9 жұмыртқа салады. Оны мекиені 22 – 23 күн басады. Жаз бойы жақсы семіріп, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Негізінен суда өсетін өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Дәмді еті мен жұмсақ жүні үшін көп ауланады.[2]
Көктемде аталығының қара қоңыр басы ақ кеуде мен құрсағынан жақсы бөлініп тұрады, қалған негізгі реңі - сұр. Ең ерекше белгісі - ұзын, жіңішке қыл сияқты құйрығы, сондықтан осындай атқа ие болған. Республикалық солтүстігін мекендейді, оңтүстікте шөлді аймаққа дейін жетеді. Ұшып өту кезінде барлық жерде кездеседі. Ұяларын өсімдік арасына суатқа жақын немесе бірнеше километр қашықтыққа салады. Аналығы ұясына өсімдік қалдықтары мен мамық төсейді де, 6-10 сары қоңыр жұмыртқаларын салып, өзі басып шығарады. Осы кезде аталықтары, бірнеше мыңдаған құс жиналып, ірі топ құрып түлейді. Аналығы жауына белсенді шабуыл жасайды немесе өтірік жаралыға ұқсап, балапандарынан дұшпанының көңілін аударып алып кетеді. Аналығы аталығынан бір жарым айдан кейін түлейді. Қылқұйрық ұялау орнына барылдауық үйрекпен бір мезгілде, ақпанда ұшып келеді, қазанда ұшып кетеді. Біразы Сырдарияда қыстайды.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.