From Wikipedia, the free encyclopedia
Бэр төбешіктері – ендік бағытта біріне-бірі қатарлас жатқан, ұзынша келген қырқалар.Негізінен хвалын кезеңінің құмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген төбешіктерден құрылған.[1] Каспий маңы ойпатының оңт. бөлігінде, Кума (Ресей) және Жем (Ембі) өзендерінің төм. ағыстары аралығында кездеседі. Биікт. 10 – 45 м, ұзындығы 25 км, ені 200 – 300 м, арақашықтығы 1 – 2 км шамасында. Құм мен тығыздалған саздан түзілген. Құмды қырқалар арасындағы сайларда (қолаттарда) тұзды көлдер, сор және тақырлар орын алған. Акад. К.М. Бэрдің пікірінше (1856), төбешіктер Каспий деңгейінің күрт құлдырауы салдарынан теңіз түбінен пайда болған. Көптеген геоморфологтар (Федорович және т.б.) төбешіктердің пайда болуын жел әрекетімен (эолдық) байланыстырады. Өйткені Еділдің атырауында таза құмнан тұратын ендік бағыттағы қырқалар жиі кездеседі. Каспий маңы ойпатының оңт. етегінде кездесетін Б. т-не ұқсас жергілікті шоқылар тектоник. жолмен пайда болған және тұзды күмбездермен де байланысты. Сондықтан төбешіктердің пайда болуына теңіздің, эрозиялық әрекеттің, кейіннен эолдық өңдеудің әсері болған. Б. т-н алғаш рет сипаттап жазған Бэр болғандықтан соның есімімен аталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.