From Wikipedia, the free encyclopedia
Борыққамыс немесе Қант қамысы (лат. Saccharum) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы.
Борыққамыс | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Saccharum officinarum
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Saccharum officinarum Карл Линней | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
36 түрі белгілі |
Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін 12 түрі белгілі.
Оның мәдени түрі лат. S. offіcіnarum Оңтүстік-Шығыс Азиядан тараған. Биіктігі 6 м-ге дейін, сабағының жуандығы 5 см-дей болады. Жапырағы ұзын, жалпақ, сабаққа кезектесіп орналасады. Борыққамыс қалемше арқылы көбейеді. Жылына 3 – 5 рет орылады. Оның сабағында 16 – 18% сахароза болады. Борыққамыста қант, спирт, т.б. өндіруге, малға жем ретінде пайдаланады.
Қазақстанда оның бір түрі – Жабайы борыққамыс (лат. S. spontaneum) Сырдарияның тоғайлы алқаптарында, кейде тау етегінде, өзен жиегінде, егінжайда, арық жиектерінде кездеседі. Биіктігі 2 м-дей, сабағы қатты, бірақ өзегі борпылдақ, жапырағы жіңішке, ұзын болады. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Сабағында 2 – 4% сахароза болады. Жабайы Б-ты балғын кезінде мал сүйсініп жейді, сүрлемге салуға болады. Сабағынан ши тоқиды, жапырағынан арқан еседі, ширатып қапшық жасайды. Оның өңдеуден кейінгі қалдығын құрылыс материалдарын дайындауға және отын ретінде пайдаланады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.