Бобринский жарқанаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бобринский жарқанаты (лат. Eptesicus bobrinskoi) - қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Қазақстанда Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарында таралған. Шөлді-шөлейтті аймақтардың құмды, тақырлы, жазық жерлерінде кездеседі. Ескі зираттар мен ғимараттардың қуыстарында мекендейді. Дене тұрқы 46 — 61 мм, салм. 5,5 — 12 г. Қол сүйегінің ұзындығы 32,5 — 37 мм. Арқасы құм түстес сарғыш, бауыры ақшыл келеді. Басқа жарқанаттардан ерекшелігі: түсі ақшыл, ұшу жарғағы мөлдірлеу болады. Түн жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір ғана жарқанат туады. Көбіне жалғыз тіршілік етеді. Қазақстанда қазіргі кезде 70 және 100 бастан тұратын үлкен 2 тобыры ғана белгілі. Жалпы саны бірнеше мыңнан аспайды. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстаның Қызыл кітабына енгізілген (1996).[1]
Бобринский жарқанаты | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Eptesicus bobrinskoi Kuzyakin, 1935 |